Бөлісу

Алматы ашық лигасының ¼ финалдық сайысы өтеді

10, 11, 13 мамыр күндері, сағат 19.00-де Алматы қаласында Алатау киноконцерт залында  «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ Алматы қаласы жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен Республикалық Алматы ашық лигасының ¼ финалдық сайыстарын өткізуді жоспарлап отыр. Аталмыш шараның мақсаты — қағытпа қалжың мен астарлы әзілді ұштастыра отырып, жастар арасында көтеріліп жүрген өзекті тақырыптар мен қоғамда қызу талқыға түскен мәселелерді көрермен қауымға жеткізу. Сонымен қатар, алтын уақытын қиып келген жандарға жақсы көңіл-күй сыйлау.

Биыл наурыз айында өткен мауысмашар фестивалінде сәтті өнер көрсеткен 42 команда ¼ финалдық сайыстарына жолдама алды. Еліміздің түпкір-түпкірінен жиналған командалар жауапты сайысқа сақадай дайын. Төрт күнге созылатын редакторлық жұмыстар өз нәтижесін сапалы әзілмен көрсетпек.  Сол себепті де, сынға түскелі отырған командалар жайдарман сүйер қауымға риясыз күлкі мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды деген сенімдеміз.

Кеш жүргізушісі Қазақстан КВН Одағы РЖҚБ Алматы филиалының директоры — Оңдасын Құлымбетов. Сондай-ақ, жоғары және премьер лигаларда әдемі ойын үлгісін көрсетіп, халықтың қошеметіне бөленіп жүрген танымал жайдарманшылар мен әзіл-сықақ шеберлері ойынға арнайы қонақ ретінде шақырылған.

Осы орайда, «Алматы Жайдарман» филиалы сіздерді 10, 11, 13 мамыр күндері сағат 19.00-де Алатау киноконцерт залында өтетін (Рысқұлов және Момышұлы көшелерінің қиылысы) көңілді кештің куәсі болуға шақырады.

Пікір қалдыру