Алматы қаласының колледж жастары арасында «Student life» чемпионатының ¼ финалдық ойындары өтті

Мамырдың 15-16 күндері Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың қолдауымен колледж жастары арасында «Student life» чемпионатының ¼ финалдық ойындары өтті. Командалар 13-14 мамыр күндері редакторлық жұмыстардан өтіп, авторлық қызметтермен қамтамасыз етілді. Ойынды «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ «Алматы КВН» филиалының директоры Оңдасын Құлымбетов жүргізді. Барлығы 36 команда өтініш білдіріп, оның ішінде 18 команда жартылай финалдық сайыстарға жолдама үшін екі топқа бөлініп сайысты.

Аталмыш шараның мақсаты – өскелең ұрпақты жоғары рухани — адамгершілік құндылықтар негізінде қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, жасөспірімдердің шығармашылық және зияткерлік деңгейін көтеру. Қағытпа қалжың мен астарлы әзілді ұштастыра отырып, жастар арасында көтеріліп жүрген өзекті тақырыптар мен қоғамда қызу талқыға түскен мәселелерді көрермен қауымға жеткізу. Кешке республикалық жоғары және премьер лигаларда өнер көрсетіп, халықтың қошеметіне бөленіп жүрген танымал жайдарманшылар мен әзіл-сықақ шеберлері ойынға арнайы қонақ ретінде шақырылды.

Бірінші күнгі ойынның қорытындысы:
1. «Нархоз колледж» — Нарxоз университетінің колледжі – 3,0 ұпай
2. «Эверест» — Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – 3,6 ұпай
3. «Жарлыөзек құрамасы» — Талдықорған қаласы – 5,0 ұпай
4. «Фаворит» — Алматы теxнологиялық колледжі – 3,2 ұпай
5. «Түймебаев құрамасы» — Алматы қаласы – 2,8 ұпай
6. «Қайнар құрамасы» — Қайнар академиясы – 3,6 ұпай
7. «Бері қара» — Алматы мемлекеттік бизнес колледжі – 4,8 ұпай
8. «Нар тəуекел» — Алматы қаласы — 3,8 ұпай
9. «АУЭС» — Алматы энергетика және байланыс университеті – 5 ұпай

Екінші күнгі ойынның қорытындысы:
1. Ерекше — Республикалық жоғары медициналық колледжі – 3,4 ұпай
2. Құрмалас — Еркін құрама – 3,2 ұпай
3. Тіпті керемет — Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжі – 4 ұпай
4. Политех — Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі – 3,6 ұпай
5. Мадам — Талдықорған қаласының құрамасы – 4,8 ұпай
6. Формат — Алматы технологиялық университеті – 3,8 ұпай
7. Ақпен бірге — Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті — 5 ұпай
8. Болашақ электриктер — Алматы энергетика және электронды технологиялар – 4 ұпай
9. Қапшағай қаласының құрамасы — Қапшағай қаласы — 5 ұпай.

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...