Бөлісу

«АЛЬЯНС» енді ән айтпайды ма?!

«Жайдарманда «сыры мен сымбаты келіскен биші жігіттердің бастауы Семейлік «Альянстан» бастау алатыны һақ. Команда биыл тағы маусымда. Жайдамраншылардың дайындығы мен жаңалығы жайлы жақынырақ білу үшін, сұхбаттасып едік…

  • «Алянс» құрамасының «Тарих маусымына» дейінгі тарихы өрден төмен «құлдырап» келгені көпшілікті таң қалдыратыны рас. Сонда бұл маусым меже қай тұсқа дейін?
  • Иә, «тарих маусымына» дейінгі ойындар, расымен де төменге қарай беттеп келе жатыр. Себебі,  2011 жылдан бастап команданың деңгейі түсті. 2011 жылы вице-чемпион болсақ, 2012  жылы  — финалист; 2013  жылы  —  жартылай финалист; өткен маусымда 1\4-тен «ұшқанымыз» бар) Ал, биылғы маусым осы олқылықтардың орнын толтырсақ  дейміз.
  • Қалай?
  • Әрине, финалға дейін жету.

IMG_9077

  • Команда құрамында қандай өзгеріс бар?
  • Команданың құрамы бойынша өзгеріс тер көп болды. Өйткені бір ойыншылар оқу бітіріп өз мамандығымен жұмысқа орналасуына байланысты құрамымыз азайып кетті. Сондықтан, біршама өзгерістер бар. Және басты болжам, команда құрамына қыз бала қосылуы мүмкін.
  • Жаңа маусымда қандай қателіктен аулақ боласыздар?
  • Біріншіден, ән айтпаймыз!  Өткен маусымда көрермендер  мен сарапшылар тарапынан естіген сынымыз осы ән айту жағынан болды. Ең басты қателігіміз де, ән екенін мойындадық. Тағы бір қателігіміз  — үй тапсырамасын жазу. Себебі, біздің команданың  тағы бір әлсіз тұсы үй тапсырмасында. Демек, бұл маусымда осы екі қатемен жұмысты көбірек жасаймыз.
  • Биылғы жылға қандай жаңалықтарыңыз бар?
  • Мүмкін, жаңалық емес те шығар. Бірақ командада бұрын ойнаған жігіттер қайта сахнаға шығып қалуы да ғажап емес… Жаңалық күтіңіздер…

IMG_9085

  • «Альянс» құрамасының ерекшелігі биінде. «Тарих маусымы» да солай бола ма?
  • Иә, әрине! Бидің арқасында көрерменнің көз айымы болып, есінде қалдық. Сондықтан, би билеуді тоқтатпаймыз. Қысқасы, биылғы маусымда қайтадан билейміз!
  • Жеке өмірлеріңізде нендей жаңалық?
  • Жеке өміріміз қалыпты, барлығымызда да. Тек, осы жазда командадағы бір жігіт үйленеді. Ал, оның кім екені қазірше құпия болып қалсын.)

 

Пікір қалдыру