Астана қалалық біріншілігінің ширек финалы өтті

 12 мамыр күні Астана қаласындағы  «Жастар» сарайында қалалық біріншілік ойындарының ширек финалдық сайысы өтті. Чемпионатқа өтініш білдірген 40 команданың ішінен іріктеліп алынған 19 топ осы ойында қатысты.

Сайысқа қатысушы топқа бөлініп, бірінші топта 10, екінші топта 9 команда өнер көрсетті.

1 топта сайысқан топтар:

  1. Мұхамеджан Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және комуникациялар  академиясының Ақмола колледжі «Теміржол тарландары»
  2. Қазақстан халқы ассамблеясының құрамасы — «International»
  3. Астана медицина университеті — «Мед.kz»
  4. Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті — «ҚазАГРО»
  5. Экономика, технология және тағам өндірісін стандарттау колледжі — «Жеті жұлдыз»
  6. Қазақ технология және бизнес университеті — «Грация»
  7. Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті — «Агролайф»
  8. Сарыарқа ауданы құрамасы
  9. Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті — «Бифштекс»
  10. Тұран- Астан университеті — «Тұран жастары»

Бұл топтан алғашқа төрт команда жарыс жолынан шығып, қалған 6 команда келесі кезеңге өтті.

Ал екінші топта төмендегі командалар қатысты:

  1. Қазақ технология және бизнес университетінің  колледжі«Алаш жастары «
  2. Астана техника- экономикалық колледжі — «АТЭК құрамасы»
  3. Ақмола облысы Қараөткел ауданы — «Қараөткел» командасы.
  4. Ақмола облысы Целиноград ауданы — «Целиноград» құрамасы.
  5. Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті — «Аграрка» құрамасы.
  6. Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті  — «Rixos»
  7. Ақмола облысы Қорғалжын ауданы  — «Қорғалжын жастары»
  8. Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті — «Ашық аспан»
  9. Еркін құрама — «Астанадағы жаңаөзендіктер»

Бұл топтан алғашқы үшеуі келесі кезеңге өте алмады. Қалған алтауы жарыс жолын жалғастырып, жартылай финалда өнер көрсетеді.

Командалардың ойынына төрелік жасап, бағасын беретін қазылар алқасының құрамында болғандар:

1. Биыл «Новая волна» халықаралық байқауының финалындағы жолдама алған танымал әнші — Рүстем Жүгінісов
2. «Ха-ха» шоу жобасының жетекшісі, жайдарманшы — Ақсұлтан Қалиев
3. Жайдарман лайф жобасының жүргізушісі — Шыңғыс Қожабеков
4. Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы — Ақұлан Тастемір
5. Шоумен, «Қызықорда» жайдарман тобының ойыншысы – Бақытбек Қарамырзаев.

Ойын соңында, дәстүрлі түрде берілетін бірнеше номинация бойынша жеңімпаздар анықталып, барлық топтарға дипломдар табыс етілді.

  • ҮЗДІК ӘЗІЛ (Целиноград құрамасы)
  • ҮЗДІК ТОП (Агролайф)

Айта кетейік, жыл сайын Мемлекеттік тілде өткізіліп келе жатқан қалалық біріншілікті «Қазақстан КВН Одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігі «Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ қолдап келеді. Сайысқа Астана қаласының Жоғары оқу орындары, орта арнаулы оқу орындары студенттері мен қала жастары қатыстырылады.

Ойынның басты мақсаты:

— Жайдарман ойындары арқылы мемлекеттік тілді насихаттау және әлеуетін көтеру;

— Астана қаласындағы Жастар саясатының дамуына қолдау жасау;

— Жастардың шығармашылық және интеллектуалдық потенциалын арттыру.


More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...