Астана қаласының чемпионы — «Тұран жастары»

Астана қаласында «Жайдарманның» қалалық чемпионатының финалы 20-қараша күні сағат 17:00-де «Жастар» сарайында өтті.

Жыл бойы сайысқа түскен 18 команданың ішінен ақтық сынға дейін жеткен 5 команда өзара чемпиондық атаққа таласып, ойын өте тартысты болды.  Қатысушылар  сәлемдесу, жамбы ату және жұлдыз жайдарманшымен  үй тапсырмасы конкурстары бойынша сайысты. Шын мықты ғана әр конкурста ілгері шығып отырды.

Қатысқан «Корпус», «Энерго», «Тұран жастары», «Сарыарқа ауданының құрамасы» және «Жібек жолы» командалары арасынан үш сайыс қорытындысы бойынша,

Сарыарқа ауданының құрамасы
Сарыарқа ауданының құрамасы

10,2 ұпаймен 3-орынды «Сарыарқа ауданының құрамасы» иеленсе,

"Энерго" командасы
«Энерго» командасы

10,9 ұпаймен  С.Сейфуллин атындағы Қазақ  агротехникалық университетінің «Энерго» жайдарман тобы вице-чемпион атанды,

Тұран жастары
Тұран жастары

ал ЧЕМПИОН атағын  толық 11 ұпаймен «Тұран жастары» командасы иеленді.

Сонымен  қатар, жылдың үздік ойыншысы болып «Энерго» командасының капитаны Асхат Мухаметқалиев таңдалды. Асхат осымен екінші рет жыл үздігі болып отыр, 2014-жылы да «үздік ойыншы» номинациясын алған еді.

Асхат Мұхаметқалиев және Елжан Халиуллин
Биылғы үздік ойыншы Асхат Мұхаметқалиев және Елжан Халиуллин

Финалдық ойынның қазылары да мықты болды: тележүргізуші, танымал телебағдарламалардың авторы, ардагер жайдарманшы Нұрмахан Мұқанұлы, Жоғары және премьер лига ойындарының тұрақты қазысы, ардагер жайдарманшы Алдан Жылгелді, Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы Ақұлан Тастемір, «Қазақ аруы-2016» байқауының жеңімпазы Альмира Ахатова және Жоғары лига ойындарының чемпионы Әділет Төлеутаев.

Бұл ойындағы ерекше сайыс жұлдыз жайдарманшымен үй тапсырмасы: Сарыарқа ауданының құрамасы және «Тұран жастарымен»  Жоғары лиганың биылғы  финалистері «Байдың балалары» командасының ойыншысы Ұлан Мықтыбек және «Сырдария құрамасының» капитаны Марат Сәрсенбаев өнер көрсетті. Ал,  «Энерго» «Грант» командасының ойыншысы Елжан Халиуллинмен бірге ойнаса, «Корпус» командасы Жоғары лига чемпионы Бекзат Дүйсеновпен көрініс қойды.

Басқа үй тапсырмалардан өзгеше, тапқырлықпен  есте қалғаны — «Жібек жолының» «Элемент» командасының капитаны Эльдар Жұмағалиевпен біріккен үй тапсырмасы.

Тұран жастарымен Марат Сәрсенбаев
Тұран жастарымен Марат Сәрсенбаев

Соңында алтыншы болып, қонақ команда ретінде Жоғары лиганың биылғы финалисі, былтырғы Премьер лига вице-чемпионы «Байдың балалары» өнер көрсетті.

Ойын қонақтары - Байдың балалары
Ойын қонақтары — Байдың балалары

Бір деммен өткен керемет ойыннан кейін финалист жайдарманшылар үшін «afterparty» ұйымдастырылды. Жеңімпаздарға құттықтаулар айтылып, достар арасындағы қалжың-әңгімеге толы шағын әдемі отырыс болды.

Дастархан басында финалистер
Дастархан басында финалистер

Финалдық бәсеке желтоқсан айының екінші жартысында «НТК» телеарнасы арқылы қалың көрерменге жол тартпақ.

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...