«Астана қаласы әкімінің кубогы» арнайы жобасы

Yp4h_pKTXAYЖадыраған жаз айларымен қош айтысып, енді күңіренген күзге келдік. Ұзақ демалыстан кейін қайта жұмысқа, оқуға кірісіп жатқанда көңіл-күй де күз мезгіліндегі ауа температурасы секілді төмен түсіңкі. Қуантатын жалғыз жәйт бар: «Жайдарман» маусымының екінші кезеңінің басталуы. Екінші кезеңге бастау болатын, яғни «старт беретін» — «Астана қаласы әкімінің кубогы» фестивалі. 2009 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын бұл ойын маусымды екіге бөліп тұр, Астананы қақ бөліп тұрған Есіл іспетті. Алғашқы ойын жеңімпаздары — «Тараз 2000». 2010 жылда «Барыстар» жеңіске жетсе, 2011-де «Нұр-Зайсан», 2012-де «Арал-АС», ал былтыр шымкенттік «13 аймақ» кубокты иелеген-ді. Енді биылғысы кімнің еншісінде кетер екен?!
Үміткер командалар:
«Арал-АС», Арал
«Назар аудар», Орал
«Альянс», Семей
«Аягөз құрамасы», ШҚО
«Сағыз», Атырау
«Абзал жандар», Ақтөбе
«Үш жүз», Көкшетау
«Павлодар жастар құрамасы», Павлодар
«Алматы құрамасы», Алматы
«Қорқыт құрамасы», Қызылорда
«Жұлдызды жігіттер», Алматы
«Қостанай құрамасы», Қостанай
«Рудный құрамасы», Рудный
Бұл ойын бұрынғыдан өзгерек. Басты себептердің бірі ең жұлдызды командалардың қатысуы және жеңімпаздарға сыйақы тағайындалуы. I орын — 500 000 теңге; II орын — 300 000 теңге; III орын — 200 000 теңге; үздік ойыншы — 100 000 теңге.
Командаларға сәттілік тілеп, көрермендерді 13 қыркүйек күні сағат 19:00-де «Конгресс Холлда» күтеміз…

3

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...