«Астана әкімінің кубогы» қостанайлық «Жаңа ғасырға» бұйырды

16 қыркүйек күні Жайдарманда Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен дәстүрлі Астана қаласы әкімінің кубогы ойнатылды.

Қатысушы командалар арасында тек тәжірибелі топтар емес, жас құрамалар, түрлі республикалық лигалардың жеңімпаздары, сонымен қатар көршілес Қырғызстаннан келген «Ала-Тоо» құрамасы бар. Фестиваль форматында өткен ойын биыл 9-рет ұйымдастырылып отыр.

Жайдарманшылар бүгінгі ойында еліміздегі соңғы жаңалықтар мен өзгерістерді тілге тиек етіп, сапалы ойын көрсетті. Әсіресе әзілдердің көпшілігі латын қарпіне көшу, Экспоның аяқталуы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы туралы болды. 16 команданың ішінен «Жаңа ғасыр», «Қыз Жібек», «ІТ» командалары әділ қазы алқаларының жоғары бағасы мен көрермендердің ыстық ықыласына ие болды.

Сайыс нәтижесі бойынша «Үздік ойыншы» номинациясы «Ала-Тоо» командасының ойыншысы Айбек Бектеміровке табысталды. «Қыз Жібек» командасы 3-орын мен 200000 теңгеге ие болса, 2-орын Талдықорғандық «Шапалақ» командасының қоржынына бұйырды, олар 300000 теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды. Ал ойынның басты сыйлығы Астана қаласы әкімінің кубогы мен 1 миллион теңгені «Жаңа ғасыр» командасы ұтып алды. Жеңімпаздарды Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Әмірханұлы Аманшаев марапаттады.

Қатысушылардың өнеріне баға берген қазылар алқасының құрамында танымал тележүргізушілер Берік Уәли мен Асхат Садырбай және Дана Нұржігіт, қоғам қайраткері Мұрат Әбенов, мәжіліс депутаты Бақтияр Мәкен секілді тұлғалар болды.

 

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...