Бөлісу

Атырау облыстық жоғары лига жартылай финалы

22 қазан 2017 жылы Құрманғазы мәдениет сарайында «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ Атырау облыстық филиалы жəне «Ақсұңқар қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Облыстық жоғары лиганың 1/2 жартылай финал сайысы өтті. Ойын сәлемдесу, қайым айтыс және жұлдызбен еркін тақырыпта көрініс атты сайыстарданн тұрды. 7 құрама сынға түскен ойын тартыстыда қызықты болды.

Қазылар құрамы:
Назаров Манарбек-«Жигули» КВН командасың мүшесі, ардагер жайдарманшы
Шакманов Санжар-«Жигули» КВН командасың капитаны, ардагер жайдарманшы
Нұрмағанбетова Лаура-«Love Radio» және «PR-group» жарнама агенттігі Атырау филиалы жарнама бөлімінің басшысы
Қабдиев Самат-«Назар Аудар» КВН командасының мүшесі , 2013 Республикалық жоғарғы лиганың чемпионы
Апуов Асхат- Жастар саясаты басқармасы ақпараттық-талдамалық жұмыс бөлімінің бас маманы

Ойын қортындысы:
36 құрамасы — 15.4 ұпай
Сағыз — 14.8 ұпай
Тайсойған — 14,8 ұпай
Жасбуын Индер -13,4 ұпай
Біздер — 13.2 ұпай
Өрлеу 12.6 ұпай
Байланыс жастары — 11.2 ұпай

Тікелей 1/2 жартылай финалға жолдама алған топтар:
36 (Атырау қаласы, №36 мектеп-гимназиясы)
Сағыз (Қызылқоға ауданы, Сағыз кенті)
Тайсойған (Қызылқоға ауданы, Тайсойған ауылы)
Жасбуын – Индер (Индер ауданы, Индербор кенті)

Сағыз құрмасы облыстық жоғарғы лиганың 2 дүркін чемпионы болғандықтан өздерінің финалға деген жолдамасын Ақтөбелік Өрлеу (Ақтөбе қаласы, Ақтөбе көлік және коммуникация колледжі) командасына берді.
Сонымын ақтық мәреде бізде 4 команда.

Осымен Облыстық жоғары лиганың 1/2 жартылай финал сайысы тəмəм. Келесі ақтық мәре ойынында жолыққанша!

Пікір қалдыру