Бөлісу

Атырау облыстық «Маусымашар» фестивалі өтті

22 ақпан 2017 жылы Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында «Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ Атырау облыстық филиалы мен «Ақсұңқар» қоғамдық қорының қолдауымен облыстық «Маусымашар-2017» фестивалінің гала концерті өтті. Ойынға 23 топ қатысты. Мақсаты: Жастардың шығармашылығын дамыту, облыстың өнерлі жастарын бір ортаға жинау, Атырау облыстық жоғары және премьер лигаларының командаларын анықтап, маусымға жолдама беру.
Ойын көрсеткен топтар:

  1. Біздер (АПЕК колледжі, Атырау)
  2. Аққыстау құрамасы (Исатай ауданы, Аққыстау ауылы)
  3. Чикаго (Құрманғазы ауданы, Ганюшкино ауылы, Абай атындағы орта мектеп)
  4. Жетіхан (Махамбет ауданы, Сарайшық ауылы)
  5. De-Facto (Атырау инженерлі гуманитарлы колледжі)
  6. Жарсуат (Индер ауданы, Жарсуат ауылы)
  7. Өзімізғо (Атырау қаласы)
  8. Жас талант (Атырау энергетика және құрылыс колледжі)
  9. Қызылқоға жастары (Қызылқоға ауданы)
  10. Танылмаған таланттар (Махамбет ауданы, Жалғансай ауылы)
  11. Жан достар (Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №9 орта мектеп)
  12. Өрлеу (Ақтқбе қаласы, Ақтөбе көлік және коммуникация колледжі)
  13. Қыздар-ай және Асөк (Индер ауданы, Индербор кенті, М.Әуезов атындағы орта мектеп)
  14. Еркінқала құрамасы (Атырау қаласы, Еркінқала ауылы)
  15. Тайсойған (Қызылқоға ауданы,Тайсойған ауылы)
  16. Абзал жандар (Атырау медицина колледжі)
  17. Ремикс (Жылыой ауданы, Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжі)
  18. Зинеден TV (Исатай ауданы, Зинеден ауылы)
  19. Құрманғазы жастары (Құрманғазы ауданы)
  20. АИГИ (Атырау инженерлі гуманитарлы институты)
  21. 36 (Атырау қаласы, №36 мектеп-гимназиясы)
  22. Маями (Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы)
  23. Сағыз (Қызылқоға ауданы, Сағыз кенті)

Жалпы маусымға 41 топ тіркелді. Облыстық жоғары лига ойындарына 12 топ, премьер лигаға 26 топ жолдама алды. Осымен үздік филиалдың «Маусымашар-2017» фестивалі тәмәм. Келесі маусымдық ойындарда кездескенше!

Пікір қалдыру