Бөлісу

Атырау облыстық Премьер-лиганың ширек финалы өтті

12 мамыр 2017 жылы Атыраудағы Құрманғазы мәдениет сарайында «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ облыстық филиалы жəне «Ақсұңқар қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Облыстық премьер лиганың ¼ ширек финал сайысы өтті. Ойын сәлемдесу және жамбы ату сайыстарынан тұрды. 16 құрама сынға түскен ойын көрермен көңілінен шықты.

Қазылар құрамы:

  1. Мақашева Мира — «Жигули» КВН командасың мүшесі, ардагер жайдарманшы
  2. Кожалимов Еркебұлан — «Mans’SHOP» ерлер киім дүкенінің директоры
  3. Қадіров Азамат — «Сағыз» құрамасының мүшесі
  4. Сұлтанов Алтынбек — «Комета» жарнама агенттігінің директоры
  5. Сакупов Ернар — «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ Атырау облыстық филиалының директоры.

Командалар А жəне Б тобына бөлінді. Ойын қортындысы:

А-тобы:

  • Шонаев жастары — 5.8 ұпай
  • Көктем — 5.7 ұпай
  • Қызылқоға жастары — 4.8 ұпай
  • De-Facto — 4.7 ұпай
  • Бәсеке — 4.5 ұпай
  • Жан достар — 4.4 ұпай
  • Зинеден TV — 4.4 ұпай
  • Эксперимент — 3.6 ұпай

Б-тобы:

  • Қыздар-ай және Асөк 5 ұпай
  • Сағыз-дубль 5 ұпай
  • Мұқашев 4.8 ұпай
  • Танылмаған таланттар 4.6 ұпай
  • Чикаго 4.2 ұпай
  • Жетіхан 4.2 ұпай
  • Аққыстау 4 ұпай
  • Колледж құрамасы 3.5 ұпай

Тікелей 1/2 жартылай финалға жолдама алған топтар:

  • Шонаев жастары (Махамбет ауданы, Махамбет кенті, О.Шонаев атындағы орта мектеп)
  • Көктем (Индер ауданы, Индербор кенті, Көктем қазақ орта мектебі)
  • Қыздар-ай және Асөк (Индер ауданы, Индербор кенті, М.Әуезов атындағы орта мектеп)
  • Сағыз-дубль (Қызылқоға ауданы, Сағыз кенті)
  • Мұқашев (Атырау қаласы, С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжі)
  • Қызылқоға жастары (Қызылоға ауданы)
  • De-Facto (Атырау қаласы, Атырау инженерлі-гуманитарлық колледжі)
  • Танылмаған таланттар (Махамбет ауданы, Жалғансай ауылы)
  • Бәсеке (Атырау қаласы, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлы колледжі)
  • Чикаго (Құрманғазы ауданы, Ганюшкино кенті, Абай атындағы орта мектеп)
  • Жетіхан (Махамбет ауданы, Сарайшық ауылы)
    Резервпен: Жан достар (Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №9 орта мектеп)

Осымен Облыстық жоғары лиганың ¼ ширек финал сайысы тəмəм. Келесі ойындарда жолыққанша!

Пікір қалдыру