Бөлісу

Атырау қаласында Жайдарман семинар өтті | Ресми есеп

acc67f

7 қыркүйек күні «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының мәжіліс залында Атырау қаласының жайдарманшыларына арналған семинар-тренинг болып өтті. Семинарды «Жас қоғам» қорының жетекшісі Асхат Қалауов ашып, келесі семинар тізгінін «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ бас редакторы Рүстем Елжановқа берді. Жайдарманшылар арасында қызу пікірталас туындап, семинар модераторы Рүстем Елжановқа көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, жақынырақ танысып, өзара білісіп қайтты.
Ең бастысы «Жайдарманның» тарихымен, барлық қыр-сырымен толық танысты. Семинарда модератор қатысушыларға жаңаша әдістеме бойынша әзіл қоюдың тәсілдерін көрсетті.
Семинар соңында қатысушыларға «Жайдарманның» арнайы атрибуттары( қалам, әдістемелік құрал, блокнот, футболка, бейсболка, білезік, күнтізбе) сыйлыққа табысталды.

Пікір қалдыру