Бөлісу

Ақтөбеде «Жоғары лига» 1/4 финалдық ойындары өтті

2018 жылдың 28–ші мамырда «Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы» ММ–нің мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында РЖҚБ «Қазақстан КВН Одағы» «Ақтөбе КВН» филиалының ұйымдастыруымен Студенттер сарайында «Жоғарғы лига» 1/4 финалдық ойындары өткізілді. Ойынды Ақтөбе облыстық КВН филиалының редакторы Мурзагазиев Есет жүргізді.

Ойын 2 кезеңнен тұрды:
1. Сәлемдесу
2. Көрініс

Өз бағасын берген қазылар алқасының құрамы:
Нұрлыбек Жұбатқан – «Екі Езу» театрының жетекшісі, қазылар алқасының төрағасы;
Нұрсұлтан Назарғалиев – «Рика тв» телеарнасының жүргізушісі, ардагер жайдарманшы;
Нұрсұлтан Елеуов – Ақтөбе ішкі істер басқармасының бас маманы;
Елжан Халиуллин – «Грант» командасының капитаны, Орал Жайдарман филиалының релакторы;
Серғазы Жәнібек – «Грант» командасының беделді ойыншысы.

Ойын бірден 2 мерекеге байланысты өтті. Бірі, Елордамыз Астананың 20 жылдығы. Және Ақтөбенің туған күні. Осындай мерекелік кеште сайысқа 11 команда түсті.

Олар:
1. 35 құрамасы
2. Осал емес
3. Феномен
4. Дежавю
5. Жұбанов құрамасы
6. Бәйішев жастары
7. Сөз жоқ
8. Алтықарасу жастар құрамасы
1/4–тен сүрінген командалар:
1. Байланыс жастары
2. Өрлеу
3. Автомеханиктер

Ойын соңында арнайы «Мерекелік кубок» жүлдесін бірінші орынмен өткен, 8,4 ұпай санымен, «Сөз жоқ» командасы иеленді.

Пікір қалдыру