Бөлісу

А лига ойындарының финалы өтті

  17  қараша  күні Алматы қаласында республикалық  А  лига  ойындарының  финалы  өтті. Финалға еліміздің барлық  өңірлерінен  қатысқан  командалар  арасынан  суырылып  алға шыққан 6 команда қатысты.  Қазылар  алқасының  шешімімен финалға жолдама  алған  «Бақтияр Тайлақбаев», «Байланыс жігіттері», «Маңғыстау», «Томирис», «ПМПУ» командалары  үш  кезең бойынша  бақ  сынады:

  1. Сәлемдесу;
  2. Әуенді жамбы ату;
  3. Көрініс.

Қазылар  алқасының  құрамында «Tamasha.tv»  телеарнасының  директоры  Есен  Елеукен, дизайнер Жадыра  Сахиева және  әзіл майталмандары Нұржан  Тутов пен Алмат Сақатов болды. 

Ойын қорытындысы бойынша, «Бақтияр  Тайлақбаев» командасы бас жүлдені  иеленді. «Голд» құрамасы екінші, «Байланыс жігіттері» үшінші орынға лайықты деп  табылды. Финалға жеткен әр команда арнайы дипломдармен және қаржылай марапатталды. Чемпион атанған командаға қосымша сыйақы табысталды.

Пікір қалдыру