Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданында Жайдарман ойындары өтті

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданында 12 мамыр күні Жаңақала мəдени-демалыс орталығының кубогі, яғни Жайдарман ойыны өтті.

Ойынға Орал қаласынан, Зеленов ауданынан, Жаңақала аудандарынан жəне ауылдық округтерден командалар келіп барлығы 11 команда өнер көрсетті.Ойын тізгінін ұстаған-Айдар Сатыбаев болды. «Сəлемдесу», «5 жаңалық» сайыстары бойынша командалар бақ сынап,керемет ойын көрсетті.Ойын қортындысы бойынша «Бас жүлдені» Ауыл студенттері Жаңақала ауданы,1-орынды «Гимназия қыздары» Жаңақала мектеп гимназиясының құрамасы, 2-орынды «22- маршут» Орал қаласы, 3-орынды «07 аймақ» Орал қаласы командалары иеленді. «Үздік ойыншы» номинациясы ерекше ойын өрнегін көрсеткені үшін «Ауыл студенттері» командасының ойыншысы Райымбек Жарасовқа бұйырды.

Жеңімпаз командаларға Жаңақала Мәдени Демалыс Орталығы атынан арнайы дипломдар жəне сыйақылар табыс етілді. Жайдарман топтары алтын уақытын қиып келген жандарға жақсы көңіл-күй сыйлап,әдемі ойын өрнегін көрсетті.

 

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...