Бөлісу

«Біздің ең басты мақсатымыз – Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің атын шығару»

ersayinergenbay-120

«Жұлдызды жігіттер» командасы биыл алғаш рет Премьер лигада. Жайдарманның «жұлдызды» жігіттерінің «Тарих маусымына» дайындықтарын  білу үшін команда мүшелерін әңгімеге тартқан едік…

ersayinergenbay-117

  • Биылғы маусымға дайындықтарыңыз қандай?
  • «Тарих маусымына» нық дайындықпен келіп отырмыз. Біз қалалық лигаларда ойнап жүрген команда болатынбыз. Осы жылы Премьер лига ойындарына шақырту алдық. Бұл біз үшін үлкен қуаныш болды. Бізге үміт артып, сенім білдірген адамдардың көңілінен шығуға тырысамыз.
  • Осы кезге дейінгі жетістіктеріңіз қандай?
  • Ең алғашқы жетістігіміз – Алматы қаласы әкімінің кубогында бірінші орынды иелендік. Одан кейін Алматы қалалық супер лига ойындарында үшінші орынға ие болдық. 2014 жылы республикалық «Алматы» ашық лигасының чемпионы атандық. Тағы бір жетістігіміз – Астана қаласы әкімінің кубогында үшінші орын иегері болдық.
  • Биылғы маусымнан не күтесіздер?
  • Биылғы маусымнан күтеріміз — финалға жету, Жоғары лигаға өту. Ал одан бөлек, ең басты мақсатымыз – Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің атын шығару.

Пікір қалдыру