Бөлісу

«Жайдарлы жас ұланның» жеңімпазы — маңғыстаулық «Тәп-тәттілер»

Қазанның 20-сы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен Астана қаласында мектеп оқушылары арасында “Жайдарлы жас ұлан” КТК республикалық конкурсы өтті. “Қазмедиа холл”-да өткен ойында еліміздің түкпір-түкпірінен ең талантты да дарынды балалар өнер көрсетті.

Балалар сайысқа жоғарғы дәрежеде дайындалып келгендіктерін қызықты ойын арқылы көрсете алды. Олар көрерменге шынайы күлкі сыйлай білді. Сахнадан еш қаймықпай, өздерін еркін ұстаған бүлдіршіндер әзілдің түр-түрін көрсетті. Әрбір топтың ерекше стилі бар екені анық. Тапқыр да алғыр, әзілкеш те ерке әнші-биші балапандардың өнерлері әділ қазы мүшелерін тамсандыра алғаны сөзсіз. Саханадағы ойыны мен қылығы келісті, жан-жақты да тәтті балақайлар жайдарманшылардың қандай болу керектігін танытты. Сайыскелерге баға беріп, үздіктерді қоғам қайраткері, Қазақстан КВН Одағы Президенті Есен Елеукен, «Жайдарман» жоғары лигасының чемпионы Данияр Бекжанов, республикалық «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрайымы Динара Сәдуақасова мен «Қазақстан» телерадиокорпариясының жүргізушілер Нартай Аралбайұлы мен Абылай Жәрбеков анықтады.

Нәтижесінде 1-орынды Маңғыстаудан келген “Тәп-тәттілер” командасы (Маңғыстау облысы, Қызан ауылы) иеленсе, 2-орынды “Жарқын Life” командасы (ШҚО, Жарқын ауылы), 3 -орынды “Бір үйдің балалары” (Байқоңыр қаласы) жайдарман тобы қанжығасына байлады. Өзге топтар жүлдері орын алмаса да, көрермен көзайымы бола алғаны анық. “Жайдарлы жас ұлан” ойынын байдың баласы Ұлан жүргізді.

Жастарының кішілігіне қарамастан, сахна жұлдыздары болған балалар кәсіби жайдарманшы екендіктерін көрсете алды. Болашағынан көп үміт күттіретін жас ұландарға сәтті қадам тілейміз!





Пікір қалдыру