Бөлісу

Жайдарманшылар Ақтөбеде бас қосады

2016 жылы 28 мамыр күні сағат 17.00-де «Ақтөбе жастары» КММ  мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысымен және «Ақтөбе қалалық ішкі саясат бөлімі» ММ қолдауымен, Ақтөбе қаласы әкімінің қатысуымен «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ «Ақтөбе КВН» филиалы еліміздің танымал жайдарман топтары арасында «Ақтөбе қаласы әкімінің кубогы 2016» республикалық арнайы жобасын ұйымдастырады.

Арнайы жобада барлығы 11 команда ойнайды:

  1. Фемида — Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Ақтөбе қаласы
  2. Феномен — С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті, Ақтөбе қаласы
  3. Жем-Сағыз құрамасы — Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы
  4. ЖасNEW — № 262 мектеп-гимназиясы Қызылорда облысы, Арал қаласы
  5. Грант — Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Орал қаласы
  6. Байдың балалары— М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Шымкент қаласы
  7. Тек қана қыздар — Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Алматы қаласы
  8. Жаңа толқын — «NIDs» продюсерлік орталығы, Орал қаласы
  9. Боранқұл Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы
  10. АИГИ құрамасы — Атырау инженерлік гуманитарлық институты, Атырау қаласы.
  11. Намыс — Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы.

Ойын «Сәлемдесу» конкурсынан тұрады. Кешті «Қазақстан КВН Одағы» президенті Есен Елеукен жүргізеді.

Ақтөбелік барлық жайдармансүйерлер мен «Жайдарман» жанашырларын күтеміз! Жайдарманшылар сенбілік кештеріңіздің көркін келтіруге дайын. Жұмыс аптасы әдемі тәмамдалу керек, сондықтен келіңіздер, достар!

Пікір қалдыру