Бөлісу

Жайдарманшылар «ЖАҢА БЕЛЕСТЕ»

Бұл — Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайы. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп жатқан «Жаңа белес» Астана жастарын студенттер қатарына қабылдау рәсімі бұл жылы да ұмытылмады. 18 қарашада өткен салтанатты рәсім «BAQORDA» компаниясының медиа қолдауымен, Астана қаласы әкімдігі жанындағы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма қолдауымен және жастар саясатын қолдау мемлекеттік қорының бастамасымен өткізілді.
DJ3A9889
Шара барысында елімізге танымал жұлдызды топтар мен жеке орындаушылар өнерін көрсетті. Ең үздің деген студенттерге студенттік билет пен естелік сыйлықтар таратылды. Бұл шараға ЖАЙДАРМАННЫҢ жұлдыздары да ат салысып, концерттік бағдарламаның көңілді өтуіне үлес қосты.
DJ3A0288

DJ3A0349

DJ3A9373

DJ3A9377

DJ3A0212

Пікір қалдыру