Бөлісу

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранты аясында жайдарман ойындары өтеді

Жастар  жылында жайдарманшы  жастарға Азаматтық  бастамаларды  қолдау  орталығы  жақсы  мүмкіндік  сыйлауда! Жайдарман  Қазақсан  Республикасы Ақпарат және  қоғамдық  даму  министрлігі   мен Азаматтық  бастамаларды қолдау  орталығының  грантына ие болды.  Осы грант бойынша бірнеше ойындар өткізіледі. Алматы қаласында Премьер-лига және А  лигасы  ойындарының  жартылай финал, финалдық  ойындары  өтеді. Түлектер  кездесуі  де  мәдениет ордасына  айналған  Алматыда  ұйымдастырылмақ.

Осы гранттың  аясында Нұр-Сұлтан  қаласы, Бейбітшілік  және  келісім  сарайында  республикалық  жоғары лиганың  жартылай  финал, финалдық ойындары  өтпек.  Сонымен қатар, мерейтойлық жайдарман ойыны жыл соңында Қазақстан  концерт  залында өтеді  деп жоспарлануда.

Аталмыш сайыстардың  барлығына еліміздің  түкпір-түкпірінен әр түрлі  командалар  қатысады. Ойындарға елімізге белгілі  қоғам қайраткерлері, танымал  әзілкештер, өнер иелері, спорт майталмандары қазылық жасайды. Жайдармансүйер қауымды  жыл соңына  дейін таласты  тартысқа толы, жан жадыратып, көңіл-күй  сыйлайтын  ойындар  күтіп тұр!

Пікір қалдыру