Бөлісу

«Жайдарман» ойындарын дамыту туралы қоғамдық тыңдалым өтті

Бар жанарды жаулаған «Жайдарман» жасампаз деңгейге жетті. Өткен аптада қоғам белсенділерінің қатысуымен жастардың сүйікті ойынына айналған «Жайдарман» ойыны аясында қоғамдық тыңдалым өтті.

Қазақстан «КВН одағының» Президенті Есен Елеукен 2017 жылы Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен өткен жобалардың жетістіктеріне тоқталып, маңызды ойындардың нәтижелерін атап өтті. Әрбір команданың әлеуетін бақылап жүрген тұрақты әділ-қазы алқасының мүшесі Мұрат Әбенов жайдарманшылардың иммиджін дұрыс қалыптастыру керек екенін айқындады. Яғни, ел арасындағы танымал ойыншылардың «Жайдарманнан» кеткен соң қоғам алдындағы белсенділігін жоғалтпау керек. Олардан да білікті маман шығатынын көрсетуіміз керек. Алдағы уақытта «Жайдарлы Жас Ұлан» ойынының чемпионаттық деңгейде өткізу жоспарланды. Сонымен қатар, түркі тілдес халықтардың жайдарманшыларын Астана қаласында біріктіріп, жоспарлы түрде жарыс ұйымдастыру керек екендігі айтылды. Биылғы «Шабытты» маусымның «Жайдарман» дәуіріндегі ойыны мен ойы жағынан басып озған тамаша маусым болғанын да ерекше атап өтті.

Қоғамдық тыңдалымда «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Данияр Манарбекұлы, «Қазақ радиолары» ЖШС директоры Мәди Манатбек, Қазақстан студенттер альянсының көшбасшысы Ілияс Түстікбаев және басқа да қоғам белсенділері тарапынан «Жайдарман» ойындарын дамыту туралы түрлі ұсыныстар мен биылғы өткен ойындар жайында пікірлер айтылды. Соынмен, қоғамдық тыңдалымға тапсырыс берушілер тарапынан ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Жастар саясаты департаментінен Алмагүл Қайырлықызы мен Гүлнәр Нәбиоллақызы қатысып, іс-шаралардың орындалуы туралы пікірлерін жеткізді.

Жазбадағы пікірлер

  1. Арман Бекеев

    Ассаламуаоекум. Jaidarma TV деп аталатын Жана телеарна ашылса калай болады. Comedy TV аналогы сиякты. Онда жалпы жайдарман ойындары, Уздiк ойыншылап, жайдарман командаларынын уздiк есте калар ойындары, уздiк жанбату ойындары жане коптеген кызыкты дуниелер корсетiлер едi. Менiн ойымша арбiр жайдарман суйер корермен бул арнанын туракты корерменiне айналады. Мынау драммалык омiрде бiрсат комедия коргенге не жетсiн.))

    Жауап беру

Пікір қалдыру