Бөлісу

«Жастар жазғы фестивалі» өтеді

18 тамыз күні Астанадағы «Астана концерт залында» Халықаралық жастар күніне арналған республикалық «Жастар жазғы фестивалі» өтеді.

Қазақстан КВН Одағы бұл шараны үшінші жыл қатарынан ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен өткізіп келеді.

Фестивальге Жайдарман ойындарының телевизиялық лигаларында өнер көрсетіп жүрген үздік топтар қатысады. Сондай-ақ кубокпен бірге жоғары лига командалары арасында жартылай финалға берілетін 2 жолдама сарапқа салынады.

Ойын сағат 18:30-да басталады.

Пікір қалдыру