«Жасыбай толқыны 2014» жазғы фестивалі

жасыбай

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Жасыбай толқыны» жазғы фестивалі биыл да ұйымдастырылмақ. 16 тамыз күніне жоспарлануда. Әдеттегідей, республикалық жоғары және премьер лиганың беделді командалары сайысқа түсетін болады. Былтырғы фестивальде «Демеушіміз Болашақ» жайдарман тобы шеберлік класс көрсетсе, биыл кезек «Күлтегінде». Командалар тізімі нақтыланғаннан кейін жарияланады.
«Жайдарман» сайысымен қатар «Жайдарман» мектебі де ұйымдастырылады. 15 тамыз күні белгілі жайдарманшылардың, Қазақстан КВН Одағының редакторларының және Президентінің қатысуымен семинар-тренингтер мен арнайы сабақтар өткізілмек. «Қатысамын» деушілердің director@jaidarman.kz электронды поштасына өз өтініштерін жіберулері сұралады.

Фестиваль Павлодар облысы Баянауыл ауданы жерінде, Баянауыл ауылынан 15 км жерде тауаралық ойыста орналасқан Жасыбай көлінің жағасында өтеді. Баршаңызды табиғаты көркем Жасыбайға демалуға және «Жасыбай толқынының» көрермені болуға шақырамыз!

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...