Бөлісу

Жоғары лиганың 1/4 финалдық сайыстары өтті

Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының қолдауымен 19-21 сәуір аралығында «Бейбітшілік және келісім сарайында» Жоғары лиганың 1/4 финалдық сайыстары өтті.
Бірінші бестік 19 сәуірде 1/4 финалда сайысқа түсті. Ойыншылардың мықты дайындығы мен тамаша өнерлері көрермендер көңілінен шығып, ойын өте тартысты өтті.
Әділ қазылардың командаларға әр кезеңде берген бағалары бойынша қорытынды ұпай сандары келесідей болды:
1. «Байдың балалары» — 10.9
2. «Грант» — 10.5
3. «Боранқұл» — 10.4
4. «Жаңақорған» — 9.3
5. «Абзал жандар» — 8.8
Осылайша ең жоғарғы ұпайларды еншілеген «Байдың балалары», «Грант» және «Боранқұл» командалары келесі кезеңге жолдама алды.
20 сәуір — Жоғары лиганың 1/4 финалында екінші бестік сайысқа түсіп, әзілі мен қалжыңы жарасқан, көрермен көңілін тапқан 3 команда 1/2 финалға тікелей жолдама алған күн. Бұл сайыс та жоғары деңгейде өтті. «Сәлемдесу», «Әуенді жамбы ату» және «Көрініс» кезеңдерінен тұрған сайыстан командалар келесідей ұпайларды қоржындарына жинады:
1. «Раxмет» — 8.6;
2. «АТУ» — 9.6;
3. «Тұран — Астана» — 10.1;
4. «Қызылорда» — 10.7;
5. «ОҚМПУ» — 11.0
1/2 финалда өнер көрсетуге мүмкіндік алған командалар: «Тұран — Астана», «Қызылорда» және «ОҚМПУ».
Жоғары лиганың 1/4 финалында соңғы бестік 21 сәуір күні бақ сынасты. Әр команданың дайындығы өте жоғары деңгейде болып, өнерлері көрермен көңілінен шықты.
Әділ қазылар шешімімен бүгінгі топтар келесі ұпай сандарын жинады:
1. «Миллион» — 9.7;
2. «Фемида» — 9.7;
3. «Апорт» — 9.8;
4. «ӨзенМұнайГаз» — 10.0;
5. «Элемент» — 10.9.
Үш күн қатарынан өткен сайыста іріктеліп, 1/2 финалға жолдама алған командалар тізімін назарларыңызға ұсынамыз:
1. «Апорт» (Алматы);
2. «ӨзенМұнайГаз» (Жаңаөзен);
3. «Элемент» (Семей);
4. «Тұран-Астана»;
5. «Қызылорда»;
6. «ОҚМПУ» (Шымкент);
7. «Боранқұл»;
8. «Грант» (Орал);
9. «Байдың балалары» (Шымкент);
10. «Фемида» (Ақтөбе).

Жазбадағы пікірлер

  1. Серик

    Саламатсыздарма! Менин айтайын дегеним Жанакорган курамасын калдыру керек еди осы жагы дурыс болмады деп есептеймин. Жалпы ойын тартысты ари кызык болты.

    Жауап беру
  2. Серик

    Саламатсыздарма! Менин айтайын дегеним Жанакорган курамасын калдыру керек еди осы жагы дурыс болмады деп есептеймин. Жалпы ойын тартысты ари кызык болды.

    Жауап беру

Пікір қалдыру