Жоғары лига 1/8 финалының ІІ топ ойыны туралы

Жоғары Лиганың 2 топ ойындарын да өткіздік. Тараздық «Болашақ», астаналық » ҚТЖ.кз», Түркістандық «ХҚТУ», қызылордалық «Қармақшы» және атыраулық «Сағыз» құрамасы өнер көрсеткен ойын да тартысты, қызықты өтті.

Былтыр өздерінің бірнеше рет резервпен өткенін, биыл да резерв бойынша Жоғары Лигаға іліккенін сықақтаған тараздықтар көрермен көңілінен шықты. Әйтсе  де «Жамбы ату» сайысында ұзаққа бармады. Ал «Көріністе» ерекше қойылым жасап, жақсы ілтипатқа ие болды.

Үнемі өздерінің қызметінің құпиясын бөлісіп жүретін теміржолшылар бұл жолы да тақырыптан ауытқымаған екен. Бір қайрауы ішінде жатқандай көрінді. Бұл, әсіресе, «Көріністе» көрінді.

Жайдарманда ойнауға «ниет етіп» келген түркістандықтардың ойыны да көпшілік көңілінен шықты. «Жамбы атуда» финалға дейін жеткенмен, әзілі жетпей қалып, біраз қиындыққа ұшырағаны болмаса, келесі жолға мықтап сабақ алған секілді. «Көрініс» сайысында сәл темпті азайтқандай болған, десе де қазылар алқасынын көңілінен шықты.

Былтырғы финалға жетіп, көрерменнің көзайымына айналған Қармақшылықтар еркін ойнап шықты. Сахнаға да, халыққа да әбден үйренгені көрініп тұр. Сонысымен-ақ әзілін өткізіп жатты. Десе де актерлік шеберлігі, стилі қалыптасқан жігіттер биыл да ұзаққа шабатын секілді. Жандосүшін «Жамбы ату» оң жамбасқа келмей жүр. Ал «Көрініс» керісінше, қармақшы жігіттерінің бар өнерін көрсетер сайысы. Айтпақшы былтыр финалдағы «Жұлдызбен көрініс» сайысында «жұлдыздары» жоқ болып, қиындық көрген жігіттер 1/8 ойынның өзіне жұлдыз ертіп шықты. Көпшілікке  «Рекетир» фильмі арқылы жақсы таныс Мұрат Бисембин. Әрі былтырғы финалдың зары өткені үшін, әр көрініс сайын бір жұлдыз ойнатып тұруға уәде етті.

Бір жыл демалып, қайта оралған атыраулықтар тек жатпапты. Қазылар алқасын, әсіресе Алмат Сақатовты қатты күлгізіп, стол ұрдырған  «Сағыз» өздерінің шынымен мықтылығын дәлелдеді. Үш сайыста мүмкін болған ұпайдың бәрін алған атыраулықтар көрермендер үшін биылғы маусымның фавориті болғалы тұр.

Еске сала кетейік, сайысқа актер Алмат Сақатов, тележүргізуші Дана Нұржігіт, мәжіліс депутаты Геннадий Шиповских,  тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы, актер Әділ Ахметов  қазылық етті.

Осымен екінші топ ойындары да тарихқа енді. Ширек финалға «ХҚТУ«, «Қармақшы«, «Сағыз» жолдама алды. Қалған екеуі келесі топтарда 4-5 орын алған топтармен бірге резервте тұрады.

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...