Бөлісу

Заты атына сай маусым

Биылғы маусым — ЖАҢАРУ!

 

«Жайдарманның» биылғы маусымына «заты атына сай болсын» деп көптеген жаңашылдық енді. Ең бастылыарына тоқтала кетейік…

  • Республикалық Премьер лига болмайды.  Жоғары лигаға дейінгі үлкен мектеп саналған Премьер лига 2006 жылдан бері жұмыс жасап келді. Жоғары лигалық командаларға лайықты қарсылас болатындай өте керемет командалар тәрбиеледі. Мысалы, Жаснар, Аягөз құрамасы, Тұңғыш астана, Авиценна, Фемида, Байдың балалары, Сөз тимесін, т.б.   Биыл  осы лига жұмысын тоқтатты. Өзгеріс қашан да қажет. Командалардың, жалпы «Жайдарманның» келесі бір деңгейге өтуі үшін бұл өзгеріс керек болды.
  • Жоғары лигада 40 команда. Осыншалықты көп команда жоғары лигада алғаш. «Маусымашар 2016» фестиваліне келген командалар арасынан үздік танылған 32 командаға республикалық Жоғары лигаға жолдама беріледі деп жоспарланған болатын. Алайда, фестиваль барысында ұйымдастыру алқасының шешімімен тағы 8 командаға мүмкіндік берілді. Жайдарман топтары өздеріне артылған үмітті ақтап, берілген мүмкіндікті сәтті пайдаланып шығады деп сенеміз. Командалар тізімі.
  • Ойын «ҚазМедиа» орталығында өтеді. Астана қаласындағы ойындардың барлығы осыған дейін Жастар сарайында және Конгресс Холлда өтетін. Жаңа маусымның  тағы бір жаңашылдығы — жаңа зал.
  • Республикалық лигалар. Бұрындары жұмыс жасап жүрген орталық және аймақтық лигалар тоқтатылып, жаңа республикалық лигалар іске қосылды. Олар: «Шығыс», «Батыс», «Торғай», «Ертіс бойы» және «Әулие ата» республикалық лигалары. «Маусымашар» қорытындысы бойынша 90 команда аталған лигаларға жолдама алды.
  • Жаңа арнайы жобалар. Бұрынғыдан мүлде өзге,  қайталанбаған  арнайы жобалар. Үйреніп қалған жобаларымыздан да бас тартпадық. Екі есе көп арнайы жобалар, фестивальдер.
  • Танымал командалардың жаңа құрамы. Сіз танып, ұнатып үлгерген командалар құрамын сәл өзгертіп қайта маусымға түспек. Мысалы, «Тек қана қыздар», «Байдың балалары», «Байланыс жігіттері» және т.б.

Жалпылай алғанда жаңалық пен жаңашылдық өте көп. Ең бастыларын айттық, қалғанын маусым барысында көре жатарсыздар)

Пікір қалдыру