Бөлісу

КҮЛтегін: «Бізге қарсылас — Жоғары Лигадағы он тоғыз команда!»

«КҮЛтегінде» қандай жаңалықтар болып жатыр?

  • Командада айтарлықтай жаңалық жоқ. Тек осы 1\8 ойындарында қатарымыздан жаңа ойыншы көріп қалуларыңыз мүмкін. Ол осы факультет аралық ойындарда көзге түсіп, өнерімен  біраз сындардан өткен ойыншы.
  • Команда үшін «тарих маусымы» не әкеледі?
  • Тарихта қалуымыз керек! Бірақ, тарихи команда екенбіз деп, «түйе бойына сеніптінің» керін жасап, бір ғажайыпты күтіп отырған жоқпыз. Сабақ пен жұмыстан бос уақыттың барлығы дайындықта өтіп жатыр. Дайындық та жаман емес, әзірге!

ErsainErgenbai-25 ErsainErgenbai-25

ErsainErgenbai-33

  • Бұл маусымда басты қарсылас деп кімдерді атай аласыздар?
  • Мына команда деп атай алмаймыз, әр коиманда өзінше мықты. Әр командаға үміт артып жіберген бір қауым елі бар. Біге тап қазіргі уақытта қалған төрт топ та, тіпті Жоғары Лигадағы он тоғыз топ та қарсылас болып отыр)
  • Басқа командалар «өткен маусымда жіберілген қателіктерді қайталамауға тырысамыз» деп жатады. Сіздердің мүлт кеткен жерлеріңіз бар ма? Сіздер неден қателестіңіздер?
  • Біздің әзілдер тым терең мағыналы болып кетті. Бұл — халықтыңқабылдауы мен қорыта білуіне  ауыр болған секілді.  Ал, биыл осы тұрғыдан мықты болуға бар күшімізді салудамыз! Жалпы, «КҮЛтегін» маусымға дайын!

Жазбадағы пікірлер

  1. 2015өту чемпион болад

    Жауап беру

Пікір қалдыру