Бөлісу

Маусымашардың екінші күні қалай өтті?

Әмбебап маусымның екінші күні де өте шықты. Бүгін 153 команда ресми түрде тіркеліп үлгерді. Тіркелу ертең де жалғасатынын хабарлаймыз. Қазмедиа орталығында сағат 9:30- дан бастап тіркеу мен редактура жұмыстары қатар жүреді.

Бүгін Қазақстан Ұлттық арнасы мен Тамаша телеарналары ұйымдастырған арнайы ойын-сауық іс-шарасының бірінші бөлімі өтті. «Танысу күнінде» Ұлттық арна тележүргізушілері мен «Тамаша» телеарнасының директоры Есен Елеукен қонақ болып, маусымашар қатысушыларымен фотосессия ұйымдастырылды.

Түстен кейін ашылу салтанаты өтіп, жеребе тартылды. Жеребеден кейінгі реттік номерлері бойынша редакторлық жұмыстар жүргізілді. Барлық ақпараттарды Жайдарманның ресми сайтынан , сондай-ақ , әлеуметтік желілердегі парақшаларынан таба аласыздар. Екінші күннің күнделігін ертең Таңшолпан бағдарламасынан көреміз. Барша қатысушыларға сәттілік, жоғары көңіл-күй тілейміз!

Пікір қалдыру