Бөлісу

«Маусымашар-2018» фестивалінің гала-концерті Таразда!

Ағымдағы жылы наурыз айының 28-жұлдызында Тараз қаласының «Баласағұн» Орталық концерт залында «Jaidarman Taraz» лигасының «Маусымашар-2018» фестивалі аясында гала-концерті өтеді. Ойын жүргізушісі — лига редакторы, 2014-жылғы Жоғары лига чемпионы Бекзат Дүйсенов. Биылғы жылы жаңа леппен жұмысын бастаған тараздық Жайдарманның «Jaidarman Kids», «Jaidarman Style» жəне облыстық «Jaidarman Taraz» атты үш бірдей лигасы көрерменді қуантпақ.

Жүлде қоры да мол: 500000 теңге! Жамбыл жұртшылығына таныс командалар маусымға дайындығын пысықтап жатса, жас топтар тіркелу үстінде. Жаңа маусымда командалар саны жылдағыдан көп болады деп күтілуде, сол себепті аталған лигаларға жолдама алу критерийлері де жоғары.

Наурыздың 28 күні сағат 17:00-де  «Маусымашар-2018» фестивалінің гала-концертін тамашалауға асығыңыздар!

Пікір қалдыру