Бөлісу

Нұр-Сұлтан қалалық біріншілігінің 1/4 финалы өтті

Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық даму істері басқармасының  қолдауымен «Нұр-Сұлтан  қалалық  Жайдарман біріншілігі» өтіп жатыр.Қалалық  Жайдарман біріншілігінің  1/4 финалы 28 қазан  күні  Нұр-Сұлтан  қаласы,  Жастар  сарайында өтті. Ойынды Нұр-Сұлтан  қаласы  Жайдарман ойындарының  директоры Жүсіпжан Жамаш жүргізді. Фестивалге  қатысуға 40-тан  аса команда  өтініш білдірді,  оның  15-і  маусымашардың  гала-концертіне өнер көрсетті. 18  командаға қалалық  чемпионатқа қатысуға жолдама  берілген болатын. Жолдама  алған командалар 1/4 финалда ойын көрсетіп,  жартылай  финалдың жолдамасына  таласты. Командалардың жас  айырмашылықтары алшақ  емес.

Қазылар  алқасының  құрамында Қазақстан КВНОдағының  атқарушы директоры  Р.Елжанов,  Қазақстан  студенттер Альянсының  президенті Ілияс  Түстікбаев, Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық  даму  істері  басқармасының  бас маманы – Ақұлан Тастемір, Жайдарман  ойындарының  2015 жылғы  чемпионы «Күлтегін» командасың мүшесі Әділет Төлеутай, Жайдарман  ойындарының  2018  жылғы  чемпионы  «Байдың  балалары»  командасының мүшесі Бағдаулет Сейітжаппаров болды.



Ойын тартысты өтті. Командалар жан-жақты дайындықпен келген.

Қазылар  алқасының  шешімімен жартылай  финалға

  1. Екінші құрама – Қазақ Технология және Бизнес университеті
  2. Ва Банк — Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті
  3. Қолтырауын
  4. Астана жастары
  5. Дастан  — Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті
  6. Бәсеке – Қазақ Экономика, Қаржы және Халықаралық университеті
  7. Сарыарқа құрамасы- Л.Н.Гумилев  атындағы Еуразия  Ұлттвқ  университеті
  8. ЖК Қыз жібек командасы
  9. Грация- Қазақ Технология және Бизнес университеті
  10. КазАгро командасы
  11. Шабыт – Қазақ Ұлттық Өнер университеті
  12. Евразиат — Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

командалары  жолдама  алды.  1/2 финал 11 қарашада  Жастар  сарайында өтеді.

Пікір қалдыру