ОБЛЫСТЫҚ  «МЕКТЕП ЛИГА» ЖАЙДАРМАН ОЙЫНДАРЫНЫҢ ФИНАЛДЫҚ САЙЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Қызылорда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Қазақстан КВН» Одағы РЖҚБ «Қызылорда КВН» филиалының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 26 сәуір күні сағат 15.00-де облыстық «Мектеп лига» жайдарман ойындарының финалдық сайыстары өтті.

Командаларға әділ бағасын берер әділқазылар алқасының құрамында «Қызылорда КВН» филиалының директоры А.Басаров, ардагер жайдарманшы А.Бақтыбайұлы, кезіндегі «Мақтаншақтар» және «Қорқыт құрамасы» командасының белді ойыншысы Қ.Оспанов, республикалық «Премьер лига» жайдарман ойындарының 2013 жылғы чемпиондары «Тұңғыш Астана» командасының мүшесі А.Шөменов және қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Ж.Досмаханов болды.

Сайыс екі кезеңді қамтыды. Сәлемдесу және жұлдызды көрініс. Тартысты өткен сайыстың қорытындысы бойынша:

Облыстық «Мектеп лигасы» бойынша: Чемпион 2018 – Байқоңыр қаласының «Бір үйдің балдары» командасы, жүлделі 2 орын – Арал аудандық оқушылар үйі «Дарын» командасы, 3 орын – Жалағаш ауданы Жаңаталап ауылының «Бизнесмендер» командасы иеленсе, арнайы алғыс хаттармен қалалық қосымша білім беру оқу – әдістемелік орталығының «Интеллект» командасы, Жалағаш ауданының «Тәттілер» командасы иеленді.

Қатысушылар ұйымдастырушылар тарапынан диплом, алғыс хаттар және кубоктармен марапатталды.

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...