Бөлісу

Оқушылар арасында республикалық «Жайдарлы жас ұлан»

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен  2017 жылғы 20 қазан күні Астана қаласында мектеп оқушылары арасында  «Жайдарлы Жас ұлан» КТК республикалық конкурсы  өтеді.

Шараға Астана, Алматы қалаларының және облыстарының мектеп оқушыларынан биылғы «Маусымашар» фестиваліне қатысқан және облыстық «Жайдарлы Жас ұлан» КТК конкурсының жеңімпаздары атанған 16 команда қатысып, бақтарын сынайды.

Елордалық  көрермендердің көңілін көтеру үшін ең кішкентай жайдарманшылар сайыспақ. Олардың ойындарына төрелік ететіндер қатарында Қазақстан КВН одағы президенті Есен Елеукен, бірыңғай республикалық «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрайымы,  «Балапан» телеарнасының жүргізушісі Абылай Жәрбеков, «Түнгі студия» бағдарламасының жүргізушісі, «Жайдарман» жоғары лигасының чемпионы Данияр Бекжанов және танымал тележүргізуші Нартай Аралбайұлы болады деп күтілуде. Ал сайысты танымал жайдарманшы Ұлан Мықтыбек жүргізеді.

Сағат 18:00-де «Қазмедиа холл» киноконцерттік залында басталады. Келіп, өздеріңіздің жерлестеріңізге қолдау көрсетіңіздер.

Жайдарманда жолыққанша, достар!

 

Пікір қалдыру