Бөлісу

Премьер Лига. Жартылай финал. I күн | ТАЛДАУ

Бірінші күнге шолуымыз көп командаларды қуантпауы мүмкін. Сынның жөні осы екен деп сойылдай беруден аулақпын, алайда, қазылардың бірі айтқандай «командалар үнемі формада жүруі керек…»

Сәлемдесу
1) Боранқұл құрамасы бастады. Қай кезде де бастау қиын. Өтпеді. Әрине, Маңғыстау орталықтан шалғай жатыр, Боранқұл ауылындағы күнделікті әзілдерді Жезқазған немесе Жетісай секілді қалаларда өскен жастар түсінбеуі мүмкін. Фишка ретінде алып шыққан самарды (леген, шылапшын) «қару» дегені әдемі әзіл. Алайда, жеткізе алмады. «Әдебиет қат» деген соңғы сөздері ұнады.
2) Семей құрамасы
3) Шу-Чу құрамасы. Мен көрген Шудың ойынының ең сәтсіз, сүреңсіз ойыны болды. Жігіттер таусылған секілді көрінді. Аядым. Шөп-шалам, күлкі, елес тақырыптары әбден жауыр болған. Оның үстіне команданың дауысы (хабарлаушы) да шашырап тұр. Сахнаға бірінші рет шыққан ба, қалтырап…
4) Шымкент жастар құрамасы. Харизмасы мықты құрама ғой. Эстафета қаптап кеткен кезеңдегі өзекті тақырыпты ұсынғандары ұнады. ЕҢ БАСТЫСЫ: Жайдарманда ОРЫС тілі шет тілі де, ӨЗБЕК тілі шет тілі емес пе?! Неге өзбекше сөйлеуі тиіс олар? Бұл командаға қатысты сын емес, Жайдарманның БАС РЕДАКТОРЫНА! (Мен осымен нешінші рет байқадым, Тағай (атын да кеше білдім) сахнаға шықса өзбекше сөйлейді деген жиіркеніш пайда бола бастайды.)
5) Қармақшы!!! Мен өткен жылғы бір ойынға жазған шолуымда Есақама өтініш еткен едім, әзіл шыны Арал-АС: «Назар аудар, Ұлттық құрама, Аралас секілді құрамаларға Супер Лига ашып беру керек қой» деп:) Мына қармақшылықтар сол Супер Лигаға қазір шықса да ойнай береді. Харизма. Актерлық. Әзілді бойынан өткізу. Залды сезіну. Көрерменді баурап алу.
Тек… (өзі Премьер Лигада «тексіз» болмайды:))) Костюм ауыстыру керек секілді. Қандай жарқын жігіттер ә, тек костюмнің түсін өзгерту керек секілді.
6) Мардан Ұландары… Таза шымкенттік қуғыншылар ғой енді бұ жігіттер, артық сөзім жоқ:)

Егер… Онда!
Жайдармандағы жаңа сайыс деп жатты жүргізуші. Жақсы жаттығу. Кімнің кім екенін танытатын мықты сайыс болды. Ең бастысы, қазіргі айтыстағы ақындар секілді бір-бірімен келісіп алу деген болмады Ұнағаны да сол. Енді… Құдддай-ау, енді небббір жауауптар болды ғой кеше:))) Ең есімде қалған жауап Шу құрамасының «Егер ЭКСПО 17 Шуда өтсе» деген сұрағына Семейдің берген жауабы: Онда Алла Пугачеваның концерті болып… Астынан фүүшшш деп бу жіберсе…» Не дддеген жауап анау?!
Негізі сұрақтардың бәрі салмақты болды. Ұнағаны осы. «Астанада шымкенттіктер болмаса», «Үнді, Түрік сериалдары көрсетілмесе», «Жанармайдай жоғалсам не етер едің» — әдемі сұрақтар ғой. Жауаптар тұшымды болмады. Десек те, Тағайдың «Шулықтар елестетіп жүрген нәрселерін өңінде көреді» дегені ұтымды шықты. Сосын ұмыттым бір команда «Сәлем түзу болсын» деді.
Кешегі сайыс командаларға тек тапқырлық қана емес, ақылдың да қажеттігін ұқтырған шығар деген ойдамын. Оқу керек.

Көрініс (Жайдарман жұлдызының қатысуымен)
1) Шу құрамасы. Қыз алып қашқан достар. Белгілі сценарий ғой. Михонға салмақ салып жіберді, менің ойымша (Алдекеңнің сөзінше) Жалпы, жігіттер қатты еркінсіп кеткен секілді. Жаман ойыншылар емес еді ғой. Кеше не болғанын түсіне алмадым. Сондай қатты қынжылдым. Сарқылды, шаршады дегенге сене алмаймын.
2) Семей құрамасы. Резервпен өткен команданың сиқы осы болса… Ширек финалда қазылар тарапынан жасалған қателіктің жемісі. Кеше ол команданың бар жоғы белгісіз, әйтеуір, уақыттың жұты боп жүрді сахнада. «Күлтегіннен» Әділетті алыпты. Оны да ерекшелеген жоқ. Шу құрамасы қонақтарына ойынды қонақтарына құрса, бұлар қонақты елеусіз қалдырды.
3) Шымкент құрамасы. Ромео:) Жалпы, Премьер Лиганың публикасының өзі де сол Мардан Ұландары мен Шымкент Жастар құрамасының деңгейінде ғой. (Ал, қазылар алқасының деңгейі әлдеқайда жоғары. Мен Жоғары Лигаға осы құрамды қазы етер едім. Қайдағы бір ақын, пақын, қайраткер, майраткерлерден гөрі…)
4) Боранқұл. Дайындықтың жоғары деңгейі дер едім. Реквизит. Командалық ойынды тек осы жігіттерден көрдім. Сөйлемеген бір ойыншы жоқ. Хотя «һэй» деп айғайлап тұрса да:)

Бірақ, Асұлымбектің шеберлігін жеке атау керек. Боранқұлдың талғамы тым жоғары екен. Әйтпесе, Барыстардан немесе Сағыздан бір ойыншы ала салуына болушы еді. Жоқ олар трансферді тым қымбатқа жасады. Әрине, сапаның аты сапа, Асұлымбек Боранқұлды жұлқып екінші орынға алып шықты!
5) Қармақшы! Гала-Легенда деген теңеуді мен айтқам.

Бұл тарихта қалатын адам. Және осы кличкасымен қалады. Әрине, Қармақшы құрамасы да осал емес. Мәселен, Гала Шымкент жастар құрамасымен ойнаса осылай жарқылдай алмас па еді?!

ҚОРЫТЫНДЫ
Финалға шын жұмыс жасағандар өтті. Қармақшылықтар талант пен еңбек, Боранқұл тек еңбекпен! Маңғыстаулықтар дәл осылай ойнаса, финалда сәтті ойын көрсетеді дей алмаспын. Жігіттерге қабақтарын жазып, қуғынбай әзілдерге де иек арту керек. Ал, өтпей қалған командаларға… Ширек финалда «Жаңаөзен жастар құрамасы» деген мықты команда да өтпей қалған, мұңаймаңдар!
Алмас Алтай

Жазбадағы пікірлер

  1. Маган назар аудар катсы унаит сосын улттык курама унаит

    Жауап беру
  2. Маган назар аудар мен сагыз унаит

    Жауап беру

Пікір қалдыру