Бөлісу

Республикалық Батыс орталық лигасының жартылай финалы

Қазан айының 31 жұлдызында Құрманғазы мәдениет сарайында Республикалық Батыс орталық лигасының ½  финалы өтті. Ойын алдында 29-30 күндері Нұрсая ықшам ауданындағы Жастар ресурстық орталығында редакторлық жұмыстар жасалынды. Редактор болып Қармақшы құрамасының капитаны,Астана КВН филиалының директоры Жандос Самалбеков келіп,.командалардың ойын алдындағы әзілдері тексеріліп, басты дайындықтарына көмектесіп, командаларды ойынға дайындады. Редакторлық жұмыс нәтижесә бойынша ½ жартылай финалға 7 команда жіберілді.
Қазылар алқасы:
1 Құспан Роллан Қабылұлы — Атырау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы
2 Кабдулов Қуаныш — «Атырау» футбол клубының бас бапкері
3 Нұрмағанбетова Лаура — «Love Radio» және «PR-group» жарнама агенттігі Атырау филиалы жарнама бөлімінің басшысы
4 Хасимов Жасұлан — Панкратион және ММА-дан Қазақстан Республикасының 7 дүркін чемпионы, Азияның 3 дүркін чемпионы
5 Самалбеков Жандос — Қармақшы құрамасының капитаны, Астана КВН филиалының директоры

Командалардың ұпай саны:
1. Маями құрамасы (Қызылқоға ауданы) — 5,6 ұпай
2. Құлсары құрамасы (Жылыой ауданы) — 5,6 ұпай
3. Эверест (Атырау қаласы) — 5,5 ұпай
4. Осал емес (Ақтөбе қаласы) — 5,5 ұпай
5. Намыс (Орал қаласы) — 5,3 ұпай
6. Оян (Орал қаласы) — 5,2 ұпай
7. Каспий (Маңғыстау облысы) — 4,2 ұпай

Ақтық мәре финалға жолдама алған топтар:
1. Маями құрамасы (Қызылқоға ауданы)
2. Құлсары құрамасы (Жылыой ауданы)
3. Эверест (Атырау қаласы)
4. Осал емес (Ақтөбе қаласы)
5. Намыс (Орал қаласы)

Республикалық Батыс орталық лигасының ақтық мәресінде кездескенше!

Пікір қалдыру