Бөлісу

Республикалық «Батыс» орталық лигасының алғашқы сайыстары өтті

19 мамыр 2017 жылы Құрманғазы мәдениет сарайында «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ Атырау облыстық филиалы жəне «Ақсұңқар қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Республикалық «Батыс» орталық лигасының маусымашар және 1/8 финал сайысы өтті. Ойын сәлемдесу және жамбы ату сайыстарынан тұрды. 7 құрама сынға түскен ойын көрермен көңілінен шықты.

Қазылар құрамы:

  1. Мақашева Мира — «Жигули» КВН командасың мүшесі, ардагер жайдарманшы
  2. Құсайынов Талғат — «Жигули» КВН командасың авторы, ардагер жайдарманшы
  3. Меңдіғалиева Лаура — Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының жастар және әлеуметтік бастамаларды қолдау бөлімінің басшысы
  4. Мырзағазиев Есет — «Фемида» жайдарман тобының капитаны, Республикалық «Батыс» орталық лигасының редакторы
  5. Сакупов Ернар — «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ Атырау облыстық филиалының директоры.

Ойын қортындысы:

  • Миялы 5.8 ұпай
  • Алтықарасу жастар құрамасы 5.5 ұпай
  • 35 ойшылдары 5.3 ұпай
  • Осал емес 5.2 ұпай
  • Каспий 4.9 ұпай
  • Дежавю 4.8 ұпай
  • Тентектер 4.4 ұпай

Тікелей 1/2 жартылай финалға жолдама алған топтар:

  • Миялы (Атырау облысы, Қызылқоға ауданы)
  • Алтықарасу жастар құрамасы (Ақтөбе облысы, Темір ауданы)
  • 35 ойшылдары (Ақтөбе қаласы, №35 орта мектеп)
  • Осал емес (Ақтөбе қаласы, №24 лингвистикалық мектеп гимназия)
  • Каспий (Ақтау қаласы)
  • Дежавю (Орал қаласы, Құрманғазы атындағы саз колледжі)
  • Тентектер (Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы)

Бұл топтардың қатарына тағыда топтар қосылуы мүмкін және жоғары лиганың жұлдыз тобы «Грант» тобы өнер көрсетті. Осымен Республикалық «Батыс» орталық лигасының маусымашар және 1/8 финал сайысы тəмəм. Келесі ойындарда жолыққанша!

????????????????????????????????????
????????????????????????????????????
????????????????????????????????????
????????????????????????????????????

Пікір қалдыру