Республикалық «Маусымашар-2015» Жайдарман

Бұл жолы да, жаңа маусымның кезекті жаңалығымен бөліспекпіз.  Республикалық  «Маусымашар — 2015»  «Жайдарман»  фестивалі аясында өткізілетін шаралардың арасына жаңа жоба қосылды.  Тіпті, ерекше жоба!  2014 жылғы  «Әдебиет маусымының»  қорытындысы  бойынша  республикалық Орталық лигалар жеңімпаздары мен республикалық Алматы Ашық лигасының финалистерінің арасында «Чемпиондар лигасы» арнайы жобасы өткізілмек. Қатысушы командалар қатарына лига редакторларының шешімімен  бір-бір командадан қосылды. 7- қаңтар, сағат 19.00-де болатын бұл жоба «Жайдарманның» тұрақты сарапшылары тарапынан да оң бағаланып отыр. Аталмыш жобада, финалистер мен чемпиондар бір сахнада бас қосады. Аймақтардан келген жас жайдарманшылар үшін әрі қызықты ойын, әрі үлкен тәжірибе бастауы болмақ.

Топ атауы Лига
1 «Инженерлер», Алматы Республикалық Бірінші лига, финалист
2 «Бұзық бизнесмендер», Алматы Республикалық Бірінші лига, финалист
3 «Алатау», Алматы Республикалық Бірінші лига, финалист
4 «Жалын», Жаңаөзен Республикалық Бірінші лига, финалист
5 «Тентектер Юнайтед», Павлодар Республикалық «Ертіс бойы» орталық лигасы, Чемпион-2014
6 «Аграрка жастары», Астана Республикалық «Ертіс бойы» орталық лигасы, финалист
7 «Грант», Орал Республикалық «Батыс» орталық лигасы, Чемпион-2014
8 «Ғажайып медицина», Атырау Республикалық «Батыс» орталық лигасы, финалист
9 «10 планета тұрғындары», Тараз Республикалық «Әулие-ата» орталық лигасы, Чемпион-2014
10 «Тараз-Астана», Тараз Республикалық «Әулие-ата» орталық лигасы, финалист
11 «Депутат», Қостанай Республикалық «Сарыарқа» орталық лигасы, Чемпион-2014
12 «Ағадыр құрамасы», Қарағанды облысы Республикалық «Сарыарқа» орталық лигасы, финалист

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...