Бөлісу

Республикалық Премьер лига және А лига ойындары Алматыда өтеді

Жайдарман   Қазақстан  Республикасы ақпарат және қоғамдық  даму министрлігі мен  азаматтық  бастамаларды  қолдау  грантына ие  болды.Осы  грант  бойынша,  қыркүйек  айында  өнер  ордасына айналған  Алматы  қаласында республикалық  премеьер  лига  және  А лига ойындарының  жартылай  финалдық  бәсекесі өтеді  деп  жоспарлануда.

Аталмыш  сайыста премьер  лиганың 12, А лиганың  10  командасы өзара  бақ  сынайды. Премьер лига бойынша үздік  деп  танылған 6, А  лига  бойынша  үздік болған  5  команда финалға жолдама  алады. Ойын  Тамаша телеарнасы  арқылы көрерменге  жол тартпақ.

Финалдық  сайыстарда үздік  өнер  көрсеткен команда  анықталып,  арнайы  кубок  пен сыйлықтар  тарту  етіледі. Ойындарға  елімізге белгілі  өнер  қайраткерлері,  депутаттар мен қоғам  белсенділері, танымал  әзілкештер  қазылық  жасайды.

Пікір қалдыру