«Туған күннің» басты кубогын «ҚЖУ құрамасы» еншіледі

Жайдармандағы арнайы жобалар арасында  жалғыз «Туған күн» ғана жыл сайын өзгеріске толы болып, көрерменге тосын сый жасауға тырысып келеді. Бүгінгі ойын да өзіндік өрнегімен ерекшеленді. Алдыңғы буынның үздіктері, бүгінгі мықтылар және ертеңіне үлкен сенім артып отырған танымал топтар өзара бақ сынасты.

Әр буынға жеке кубок ойнатылып, үш бірдей кубоктың иесі анықталады.

Үздіктеріміздің Жайдарман мен оның сүйікті көрермендеріне қандай сый дайындап келгенін Конгресс Холлға жиылған дүйім жұртшылықпен бірге тамашаладық. Командалар төмендегі реттілікпен өнер көрсетті:

Команда атауы
1.       «Номад құрамасы»,  Алматы
2.       «Тұран Астана» Астана
3.       «ҚЖУ құрамасы»,  Алматы
4.       «Грант», Орал
5.       «Байдың балалары» Шымкент
6.       «ҚазИИТУ құрамасы» Орал
7.       «Фемида», Ақтөбе
8.       «Аягөз құрамасы» ШҚО
9.       «Альянс» Семей
10.                         «Демеушіміз Болашақ» Астана
11.                         «Сағыз» Атырау облысы
12.                         «Күлтегін» Астана

Қатысушылар дайындаған әзілдер ғана емес, сонымен түлектердің видео-сәлемдемелері де болды.

«Жайдарман» топтары арасынан шын жүйрігін таңдап, баға берген қазылар алқасы құрамында: қоғам қайраткері Мұрат Әбенов, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских, танымал кино және театр актері Әділ Ахметов, белгілі пародист Олжас Сыдықбек, ұлттық арнаның тележүргізушісі Мейіржан Әлібекұлы. Осы мырзалардың әділ шешімімен үздіктер анықталып, қомақты сыйақылар табысталды.

Үлкен кубок иегері  — алматылық «ҚЖУ құрамасы»  (400 000 тг)

Орта кубок иегері — Премьер лиганың соңғы чемпиондары «ФЕМИДА» (300 000 тг)

Кіші кубоктың иегері — былтырғы финалистер «Сағыз»(200 000 тг)

«Туған күннің» басты жаңалығы — жаңа әнұранның жазылуы және орындалуы. Әнді жазған әрі орындаған Қайрат Баекенов пен «Формат» тобы. Жақында желіге салып, жаңа әнмен тәнті ететін боламыз)

Болды, барлығын бірдей айтып қоймайық)) Телеэфирден өз көзіңізбен көресіз. Жуырда «Қазақстан» арнасында.

https://www.youtube.com/watch?v=6ORBBfko2R4

 

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...