Туған күн — достық мекені

6b6958

«Жайдарман» өзінің туған күнін жыл сайын атап өтетініне қазір көзіміз үйренген. Бұрындары топқа бөлініп әрбір күні ойнайтын, тіпті кейіреулері актерлік маскасын шегеге іліп ойынмен қош айтысып кеткен жайдарманшылардың басын қосатын үлкен мереке сынды. Шашын гельмен қатырған жас ойыншылардың жанкүйерлері болып бойжеткендер де, өзінің жастық шағын еске алып бір күрсінгісі келген ардагерлердің жанкүйерлері — егде тартқан буын өкілдері де жиналады.

Туған күн — барлық достың басын қосатын үлкен мереке. Бірақ басқа жағынан үңіліп көрейікші. Меніңше осындай арнайы жобаның астарында үлкен тәрбиелік мағына жатыр. Жай ғана барлығын жинап «Мә, ойнаңдар!» деген нәрсе емес.
Бұрындары әртүрлі мектепте тәжірибе алып, әрқайсы белгілі бір буынға үлгі болып жүрген командалардың серкелері бас қосады. Бір қазанға бір емес бірнеше қошқардың (бұл жерде топ серкелерінің) бастары қосылуы өте қиын нәрсе. (Барлығы бастық болып үйреніп қалған ғой) Демек бірнеше күн осы ойынға дайындаламын деп өзара араласып үйренеді. Жеке амбицияны жеңе білу, басқалар да ақылды болуы мүмкін екенін сезіну, өзге де интеллекті мықты жандармен бір команда екеніңді сезіне білу болашақта ойыннан тыс өмірде де қажетті қабілеттер екені айтпаса да түсінікті. Басында айттық, әртүрлі топ, әртүрлі мектеп, әртүрлі стиль өкілдері жиналады. Олар қысқа уақыт ішінде барлығының есінде қалатын керемет материал дайындауы керек. Бұл тәжірибе алмасудың практикалық үлгісі. Әзіл жазу, дайындалу, актерлік шеберлікті шыңдау сияқты сахна сыртында қалып қоятын талай нәрсе.  Астананың бір жалдамалы пәтерінде ортаға салынып, әркім өз құпиясымен бөліседі.  Бұл командалардың болашақ ойындарына өз әсерін тигізеді деген сөз.

Және жай ғана мереке. Әлеуметтік желілерден жайдарманшылардың «Ана быратпен суретке түстік», «Мына быратпен өстіп жатырмыз» деген суреттерін көрген шығарсың? Бұл шынымен де жайдарманшылар арасындағы достық. Ал достықтың мекені Жайдарман! Сенбейсіз бе? Туған күнге келіңіз де куә болыңыз!

Алмас «Көзілдірік» Тоқабаев

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...