Бөлісу

«Туған күн 2014». Есте қалған 10 сәт

Туған күн өтті. «Тойдың болғанынан боладысы…» демекші, қызықтың барлығын айтып жеткізу мүмкін емес. Сондықтан, қысқаша ғана негізгі сәттерге тоқталып өтейік.

алм1Бұл «Үміткерлер құрамасы». Қанша жыл, қанша рет финалға шықса да жолдары болмағанын айтып бастап, кубокты бастарына көтеріп қайтты. Жақсы құрам, жақсы ойын. Олар несімен есте қалды?

алм2Шалдардың сойқан биі. Әзіл әлеміне ДиВиДи диск кезінде келсе де әлі формаларын жоғалтпапты. «Қызықордадағы» Саидтың биін түсіріп үлгере алмай қалдым, сондықтан эфир менің қатемді түзейді деген үміттемін. Жанболат досым да кем түскен жоқ, әрине!

alm3Қанат берген бата. Негізі ниеті түзу, жақсылыққа жоритын бата. Ең бастысы, 6 шілде күні болатын жеке концертінен қалып қоймаңыздар!

alm4Есағаның оққағары. Ия, білеміз, талай оққағар болған, оққағар туралы әзілдер де болған. Бірақ Нұркен салған образ бірнеше рет құбыла алады.

alm5Қызылорданың желі. Енді артық сөз айтудан аулақпын, бірақ Қанаттың түрінен көрініп тұр, иә, не туралы айтып жатқаны?!)))

Міне, бұл «Үміткерлер!». Ал енді келесі топқа көшейік:alm6


alm7Енді сахнада «Чемпиондар құрамасы».  Бекер адам чемпион болмайды ғой. Ендеше 2005 — тен бастап, чемпиондардан құралған топ қандай ерекшелік көрсете алды?! Кеттік!


alm8Кешаның мықты басы.  Ия, жеңіс үшін не істемейсің?! Бірақ, алдын-ала айтайын, бас аман, барлығы аман. Сенбесеңіздер эфирді жіберіп алмаңыздар!

alm9Жайдарманның немересі.  Бұрындары ойнап кеткен болсын, қазір жүргендері болсын өмірі арылмайтын «Жайдарманның балалары» деген атағымыз бар ғой. Ендеше «Ұлдар еместегі» Маржанның қызын «Жайдарманның немересі» деп айтуға толық негіз бар шығар.

alm10Қызуқанды шымкенттіктер. Ештеңе алып-қосары жоқ, сурет барлығын айтып тұр)))

alm11

«»КешЮ» тобының жаңа құрамы» деп жазып отырып көп алып қойдым ия?!))) Сырлы аяқтың сыры кетсе де сыны кетпейтінін осы сурет арқылы көрсеткім келген еді…

alm12

  Және де сахнада жүрген режиссер. Залды отыратын көрермендердің құлағына алтын сырға, кімнің эфирге шығатыны анау оюлы  жасыл киімдегі жігіттің қолында. Теледидардан туыстарыңыз жиі көрсін десеңіз… ммм… оның басы бос))))

alm13
Міне бұл «Чемпиондар құрамасы».  Суреттер аз болып, ақпаратқа қанбай қалсаңыз, эфирді күтіңіз. Мына футбол біткен кезге қарай көрсетіп қалатын шығар))))

Пікір қалдыру