Бөлісу

«Түлектер кездесуі-2019» ойынының баспасөз анонсы

          

Алматы  қаласында Қазақша  КВН-нің  20 жылдық мерейтойы  қарсаңында «Түлектер кездесуі-2019» Жайдарман  ойыны өтеді.  Ойын  Ақпарат және  қоғамдық  даму министрлігі мен  Азаматтық  бастамаларды қолдау  орталығының  гранты  аясында ұйымдастырылуда.  Бар жанарды  жаулаған  жайдарманға қатысып,  өз қатарында  үздік  болған  командалар  әдемі  ойын  өрнегін көрсететін болады. Бас-аяғы еліміздің  әртүрлі өңірлерінен  9  команда қатысады.   Кеш жүргізушісі Есен Елеукен.   Ойын 24 қазанда, сағат 19:00-де, Алматы қаласы, Алатау  дәстүрлі  өнер театрында өтеді.

          Алматы  қаласының тұрғындары мен қонақтары, айтулы  шарадан  қалыс қалмаңыздар!

                                                 Байланыс тел.: «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ

                                                                           8 707 520 25 30

         

Пікір қалдыру