Бөлісу

Тәуелсіздік күні құтты болсын!

1bet2Құрметті достар! Сіздерді 16 желтоқсан – тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміздің аспаны ашық, керегесі кең болсын! Егемен еліміздің байрағы биікте самғап, мемлекетіміздің абыройы асқақтай берсін! Тәуелсіздік – бұл бостандық, күш, молшылық және рухани байлық.  Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған біздің егемендігіміз екенін ұмытпайық. Әр отбасына татулық пен ырыс-береке, Отанымыздың игілігі мен жарқын болашағы жолында жаңа табыстар тілейміз. Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай.

Пікір қалдыру