Халықаралық «Жайдарман» ойындары өтеді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің мемлекеттік тапсырмасы негізінде Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы мен «Қазақстан КВН Одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігі бірлесіп, Тіл фестивалі аясында халықаралық «Жайдарман» ойынын өткізеді.

«Жайдарман» ойындары жастардың шығармашылық алаңы ғана емес, қоғамдағы түйткілді мәселелерді әзілмен астарлай жеткізетін өнер додасына айналған және қазақстандықтар сүйіп көретін телевизиялық жоба ретінде қалыптасты.

«Жайдарман» алаңының мектеп жасындағы жеткіншектермен қатар студенттерді, жұмысшы жастарды қоса алғанда 200 мыңға жуық таланттыларды топтастырғаны көңіл қуантады.

«Бүгінде Президентіміздің рухани жаңғыру жөніндегі тағдыршешті үндеуін жастармен ұштастыру мақсаты қолға алынып отыр. Осы үндеудегі – ұлттық сана, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы туралы бөлімдер – ең алдымен, қазақ жастарына бағытталған ұстаздық ақыл мен талап деп түсінеміз. Сонымен қатар жобаның EXPO-2017 күндері кезінде өткізілуі оң резонанс тудыратындығына сенімдіміз» — дейді «Қазақстан КВН Одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Есен Елеукен.

Жобаға Қазақстан, Ресей (татар, башқұрт), Қырғызстан елдерінен 10 команда қатысады деп күтілуде. Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылған қазақ тіліндегі жобаны «Қазақстан» ұлттық арнасы эфирінен көрсетіледі.

Тіл фестивалі аясында өтетін халықаралық «Жайдарман» ойыны Астана қаласындағы «Астана» концерт залында 2017 жылғы 25 тамыз күні кешкі сағат 18:30-да өтеді.

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...