Бөлісу

Қазақ тілді «Галактика сақшылары» сатылымда


10 желтоқсанда Marvel студиясының «Галактика сақшылары /Стражи Галактики» блокбастері дискілерін тарату басталды. Қазақ тілі «Галактика сақшылары» фильмінің кейіпкерлері сөйлеген әлемдегі ағылшын, француз, неміс, испан, португал, орыс және басқа да тілдердің қатарындағы 18-ші тіл болып отыр. «Нұр Отан» партиясының қолдауымен «Болашақ» Қауымдастығы және «MARWIN» компаниясы қазақ тілін үйрену және дамыту шараларын іске асыру аясында төртінші жыл қатарынан рейтингілік және күтілетін фильмдерге дубляж жасау бойынша жобаны жүзеге асырып келеді.

Пікір қалдыру