Бөлісу

Қарашада «Жайдарманда» екі арнайы жоба

«Жайдарман» ойындары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен қараша айына екі арнайы жоба жоспарлап отыр.  

 Алғашқысы 11 қараша күні ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Жайдарман» ойыны, ал екіншісі 12 қараша халықаралық студенттер күніне арналған «Жастар кубогы» арнайы жобасы. Екі жобаға да еліміздің  ең танымал жайдарман топтары қатысады. Республикалық Жоғары лига және республикалық Алматы ашық лигасында үздік өнер  көрсетіп жүрген командалар астаналық көрермен үшін ең әдемі әзілдерін дайындап келмек.  Қала тұрғындары мен қонақтарын «Қазмедиа» концерт залында күтеміз.

Барлық сұрақтар бойынша: 8 775 763 1724

Пікір қалдыру