Бөлісу

Қызылорда облыстық «Премьер лига» жайдарман ойындарының финалдық сайыстары өтті

Қызылорда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Қазақстан КВН» Одағы РЖҚБ «Қызылорда КВН» филиалының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 26 сәуір күні сағат 18.00-де облыстық «Премьер лига» жайдарман ойындарының финалдық сайыстары өтті.

Командаларға әділ бағасын берер әділқазылар алқасының құрамында «Қызылорда КВН» филиалының директоры А.Басаров, ардагер жайдарманшы А.Бақтыбайұлы, кезіндегі «Мақтаншақтар» және «Қорқыт құрамасы» командасының белді ойыншысы Қ.Оспанов, республикалық «Премьер лига» жайдарман ойындарының 2013 жылғы чемпиондары «Тұңғыш Астана» командасының мүшесі А.Шөменов және қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Ж.Досмаханов болды.

Сайыс үш кезеңді қамтыды. Сәлемдесу, бес сайыс және жұлдызды көрініс. Тартысты өткен сайыстың қорытындысы бойынша:

Чемпион 2018 – Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінің «Қаз ГЮА құрамасы» командасы, жүлделі 2 орын – «Абылайхан» атындағы Жоғары колледжінің «Абылайхан қыздар құрамасы» командасы, 3 орын – М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық Жоғары колледжінің «Мәншүк құрамасы» иеленсе, арнайы алғыс хаттармен «Болашақ» медицина колледжінің «БМК құрамасы» командасы мен Қызылорда гуманитарлық экононмикалық колледжінің «ҚГЭК жастары» командасы марапатталды.

Пікір қалдыру