Алматы облысының мүмкіндігі шектеулі жігіттері кино түсіріп жатыр

фото

Алматы облысында мүмкіндігі шектеулі жандардан құралған «Асар» КВН командасының ойыншылары кино түсіріп жатыр. Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте тағдыр талқысына мойымаған көңілді де тапқыр жігіттер болашақ жоспарларымен бөліскен кезде айтып өтті.

Оның ішінде  мүмкіндігі шектеулі болса да, мүмкіндігі зор жастардың өмірі туралы түсіріліп жатқан қысқаметражды сынама туындылары жайында да айтып өтті. Биыл аталмыш команда Астана қаласында өткен республикалық «Жастар» жазғы фестиваліне қатысып, 70 топтың арасынан үздік 16-ның қатарына кірген «Асар» фестивальдің гала-концертінде де сәтті ойын көрсетті.

-Бізге сахнаға алып шығатын әзілдерді жазуға арнайы сценаристер көмектеседі. Қазіргі таңда орталық лигаға жолдама алып,  жарыстан жартылай финалға өттік. Ол Тараз қаласында қазан айында жалғасын табады. Тағы айта кетерлігі, Талдықорған қаласындағы Жетісу аймақтық лигасындағы жартылай финалға қатысып жатырмыз, — деді КВН командасының жетекшісі Ақжан Ақылбекұлы.

Бұл жігіттер ең алғаш «Асар» спорттық-оңалту орталығына кездесіп, етене танысып, одан ары арман-мақсаттарын біріктірген болатын. Осылайша ерекше қабілеттері бар жігіттер 2014 жылдың желтоқсан айынан бастап «Асар» КВН командасын құрған.

-«Асар» — мүгедек жандарға арналған Алматы облысындағы бірден-бір спорттық-оңалту орталығы. Клуб құрылғалы бері екі жыл ішінде 220 адам оңалтудан өтіп, оның ішінде 35-і аяғынан тұрды,  — дейді «Startup «Bolashak» стартап-жобалары конкурсының өткен жылғы жүлдегері, «Асардың» жетекшісі Елдос Баялышбаев.

Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...