«Астана кубогі» республикалық арнайы жобасының пресс-релизі

Нұр-Сұлтан күндері қарсаңында «Астана кубогі» үшін үздік топтар арасында жайдарман сайысы өтті. Республикалық арнайы жоба Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрілігінің қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы гранты аясында ұйымдастырылды.

Сайысқа барлығы 11 жайдарман тобы қатысты.

  1. “Жаңа толқын” – Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университеті
  2. «Ақпен бірге» – Қазақ Ұлттық  Университеті
  3. «Дастан» – Л.Н. Гумилев атындагы университеті
  4. «Қоғалыкөл құрамасы» – Қызылорда қаласы
  5. «Евразиат» – Л.Н. Гумилев атындағы университеті
  6. «Бүгін.kz» – Академик Әбдімұса Қуатбеков атындағы халықтар достық университеті
  7. «Шатыр» – Семей қаласы
  8. «ОҚМПУ» – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
  9. «Ару.kz” – Арқалық
     10. “Тұран –Астана” – Тұран-Астана университеті. Нұр-Сұлтан қаласы.
  10. «Миллион» — «Нұр-Үміт» өнер орталығы Шымкент қаласы

    Осы аталған 11 команданың ішінен әзілдері жоғары бағаланып, бағы жанғандары:
    🥉3-орын «ОҚМПУ»

    🥈2- «Қызылорда құрамасы» иеленсе, «Астана кубогін» яғни
    🏆1- орынды «Милион» жайдарман тобы еншіледі.

    Сонымен қатар, сайыс барысында ширек финалдан сүрінген командаларға жоғары лиганың жартылай финалына жолдама берілді. Олар:
  • «Тұран-Астана»
  • «Қоғалыкөл құрамасы»
  • «Миллион» жайдарман топтары.

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...