Оңтүстік жайдарманшылары Астанада ең үздік бағдарламамен

Бүгін Астана қаласындағы «ЖАСТАР» сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Астана қаласындағы  «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» атты Оңтүстік Қазақстан облысы күндерінің аясында  жайдарман ойыны өтті.

Жастардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялататын, шығармашылық қабілеттері мен өнерге деген құштарлығын арттыратын шарада қонақтар мен көрермендерге Оңтүстік Қазақстан облысынан келген үздік 8 топ өз өнерлерін көрермен назарына ұсынды.

Аталмыш шараға арнайы шақырылған қонақтар, Қазақстан республикасы Білім және ғылым министірлігінің Жастар саясаты департаментінің  өкілдері және Астана қаласының тұрғындары мен жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан 1 мыңға жуық студент жастар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Айта кетейік, жалпы қазақша КВН-нің арнайы біріншілігі 1999 жылы оңтүстіктен өз бастауын алған. Ал «Қазақстан КВН одағы» 2005 жылы құрылған болатын.

Оңтүстік Қазақстан облысында 14 пен 29 жас аралығында 800-ге жуық жас бар.  Ал облыстағы 12 жоғары және 92 орта арнаулы оқу орындарында 66 513 студент білім алуда.

Қазақша Жайдарман аталған оқу орындарындағы  белсенді, талантты жастар Елорда тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй мен жарасымды  әзіл сыйлады.

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...