Астана қалалық біріншілігінң чемпионы — Агроlife

Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен ұйымдастырылып келе жатқан Астана қалалық Жайдарман біріншілігінің 4 қараша күні финалдық сайысы өтті. Ақтық мәреде маусым бойы үздік танылған алты команданың арасындағы қызу да тартысты сайысты әдеттегідей Жандос Самалбеков жүргізді.

Финалға лайықты ойын көрсеткен жайдарманшылар көрермендер мен қазылар алқасының көңілінен толықтай шықты. Қазылар құрамында “Қазақстан КВН Одағы” Президенті Есен Елеукен, Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Асхат Оралов, “Жас Отан” жастар қанатының төрағасы Данияр Манарбекұлы, “Спарта” командасының ойыншысы Алмас Нұртаза және ардагер жайдарманшы, белгілі сценарист Дархан Оспанов болды.

Әділ төрелікпен 10,8 ұпай жинаған “Аргоlife” командасы биылғы шабытты маусымның чемпионы атанды. Күміс жүлдегерлер – ұпайлары тең түскен “Ашық аспан” және “Астанадағы жаңаөзендіктер” (10 ұпай), ал 9,8 ұпайдан жинаған “Тұран жастары” мен “Аграрка құрамасы” ІІІ орынды иеленді. “Финалист” номинациясы 9,4 ұпай иеленген Қазақ технология және бизнес университетінің “Грация” құрамасы бұйырды. “Маусымның үздік ойыншысы” номинациясын чемпион команданың ойыншысы “Мәшөн” боп танылған Маржан Әзімбаева жеңіп алды.

Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар (теледидарлар, планшет және смартфон) табысталып, финал әдемі тәмамдалды. Маусымның соңғы сайысы қызық пен жаңалыққа толы болды.

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...