Астана қалалық «Жайдарман» біріншілігінің жартылай финалы өтті

      20 қыркүйекте Жастар сарайында Астана қаласының Жастар саясаты  мәселелері басқармасының қолдауымен, Қазақстан КВН одағы ұйымдастыруымен  Астана қалалық «Жайдарман» біріншілігінің жартылай финалы өтті. 1/4 финалдық ойындарында сәтті өнер көрсеткен 12 команда жартылай финалда ойнады. 

Біріншіліктің кезекті ойынын Жандос Самалбеков жүргізді. Финалдық жолдамаға таласқан төмендегі командалар «сәлемдесу» және «бес жаңалық» сайыстары бойынша жарысты:

  1. «Жеті жұлдыз» — Экономика, технология және тағам өндірісін стандарттау колледжі
  2. «Сарыарқа ауданының құрамасы» — Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  3. «Грация» — Қазақ технология және бизнес университеті
  4. «Тұран жастары» — «Тұран-Астана» университеті
  5. «Ашық аспан» — С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті
  6. «Бифштекс» — С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті
  7. «Агролайф» — С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті
  8. «Аграрка құрамасы» — С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті
  9. «Целиноград құрамасы» — Ақмола облысы, Целиноград ауданы
  10. «Rixos» — С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті
  11. «Астанадағы жаңаөзендіктер» — еркін құрама
  12. «Жалынды жастар» — Көлік және коммуникация колледжі

     Ойынның үздік командасына және үздік ойыншысына домбыралар сыйлыққа табысталды. Үздіктерді анықтап, қазылық еткендер қатарында: Қазақстан студенттер альянсының көшбасшысы Ілияс Түстікбаев, Астана қаласы дін істері басқармасының бас маманы, Жайдарман жоғары лигасының  чемпионы Әділет Төлеутаев, Қазақстан КВН одағының редакторы Қасиет Кәрім, Жайдарман ойындарының ардагер ойыншысы Хамит Ердехан, танымал жайдарманшы Эльдар Жұмағалиев.

Қорытындылай келе, «Тұран жастары», «Ашық аспан», «Аграрка құрамасы», «Агролайф», «Грация» және «Астанадағы жаңаөзендіктер» командалар финалдық сайысқа жолдама алды.

Астана қаласындағы Жайдарман біріншілігінің кезекті ойыны, яғни финалдық сайыс 4 қарашаға жоспарланып отыр.

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...